Бүгін: 07.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Алдағы келе жатқан барлық мұсылман қауымының мерекесі ҚҰРБАН АЙТ мейрамы маусым айының 28-30 күндері аралығында  өткізіледі. Құрбандық шалу рәсімін өткізуге ниет білдірген қала тұрғындарына құрбандыққа шалынатын жануарларды (малдарды) тек арнайы белгіленген орындарда союға рұқсат етілетінін хабарлаймыз.

Құрбандыққа шалынатын малдарды сату, сою Саран қаласы бойынша, Оңтүстік өндірістік аймақ, 014 квартал, 480 ғимарат (г. Сарань, учетный квартал 014, здание 480, южная промзона) мекенжайы бойынша орналасқан Қарағанды облысы ветеринария басқармасының «Қарағанды қаласы ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК-ның Саран қаласындағы филиалына қарасты мал сою алаңында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі «Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» №7-1/370 бұйрығына сәйкес, кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын сою мал сою пункттерінде немесе ет өңдеу кәсіпорындарында жүзеге асырылады.

Өткізу үшін сойылатын жануарлар мал сою пункттеріне міндетті түрде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 21 маусымдағы №7-1/453 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидалары және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарына сәйкес ветеринариялық анықтамаларымен қоса жеткізілуі тиіс.

Сату үшін жануарларды тұрғын үй аулаларында, өз қажеттігіне сойылатын малдарды қоғамдық орындарда, көп қабатты үйлердің аулаларында, т.б. белгіленбеген орындарда союға тыйым салынатынын, заң бұзушылық анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Заңнамалар аясында әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын ескертеміз.

Осыған байланысты сұрақтар бойынша

«ҚР АШМ ВБжҚК Саран қалалық аумақтық инспекциясы» ММ-не 7-41-00,

Қарағанды облысы ветеринария басқармасының «Қарағанды қаласы ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК-ны Саран қаласындағы филиалы (Саран қаласы, Жамбыл көшесі 85А мекен-жайға) немесе 5-82-51 телефонына хабарласуға болады.

 

ҚР АШМ ВБҚК Саран қалалық

аумақтық инспекциясы