Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Байқауға қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қабылдау ағымдағы жылдың  10 маусымына дейін өтті.

Байқауға қатысу үшін «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не «Өндірістің үздік жас қызметкері», «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» номинациялары бойынша 3 өтінім түсті.

Саран қаласы әкімінің орынбасары Е. Бауылыковтың төрағалығымен өткен «Еңбек Жолы» республикалық байқауы бойынша қалалық комиссия отырысының шешімімен облыстық деңгейдегі байқауға 2 қатысушының құжатын жолдау ұсынылды:

  1. Гульнар Омархановна Алымканова «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша;
  2. Асель Хамитовна Кистаубаева «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы бойынша.

Құжаттар мен презентациялардың түпнұсқалары «Қарағанды облысының еңбек инспекциясы басқармасы» ММ-не берілді. Байқаудың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау 2023 жылдың қазан айында өтеді.