Бүгін: 07.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

27 маусымда Zoom платформасында Өміржан Баймағанбетовтың төрағалығымен қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 4 сессиясына Саран қаласы әкімінің міндетін атқарушы Алмас Сүлейменов, Ақтас кенті әкімінің орынбасары Марғұлан Анаев, Саран қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Қайрат Омаров, «Ардагерлер кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Саран қалалық филиалының төрағасы Жұмабике Токушева, қалалық мәслихат депутаттары мен бірқатар мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

Сессияның күн тәртібінде Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы, Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы, Саран  қаласы мен Ақтас кентінде жеке оқу жоспары бойынша мүдектігі бар балалар қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы, Саран қаласы әкімдігің жанынан қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші орган құру туралы, Саран қалалық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы 17 сессиясының № 193 «Саран қаласы әкімдігі жанындағы үйлестіру кеңестерінің, қалалық комиссиялардың, қалалық кеңестердің дербес құрамдарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы 5 маңызды мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қалалық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Арнешев Дастан Ботабекұлы, екінші мәселе бойынша Саран қаласы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Жексембеков Ғалым Әскербекұлы, үшінші Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Шегай Марина Владимировна, төртінші және бесінші мәселелер бойынша қала әкімі аппаратының басшысы Утешев Абзал Мұратұлы баяндама жасады.

Баяндамашыларға қалалық мәслихат депутаттары Төлеу Рублев, Сымбат Бекмағанбетов, Қазбек Ибраев, Нұргүл Тәжібаева, «Ардагерлер кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Саран қалалық филиалының төрағасы Жұмабике Токушева өздерінің сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Сессия қорытындысымен күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты ұсыныстар қолдау тауып, шешім жобалары бір ауыздан бекітілді.

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ