Бүгін: 07.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Құрметті Саран қаласының тұрғындары  мен қала қонақтары!

Баршаларыңызды Елордамыздың 25 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!

25 жыл – бұл тарих өлшемімен алғанда қас-қағым сәт секілді. 

Осы уақыт ішінде Еуразияның жүрегінде орналасқан Астана тек Орталық Азияда ғана емес, әлемде де маңызды халықаралық бастамаларды жүзеге асыра отырып, экономикалық және саяси өзгерістердің орталығына айналды. Батыс мәдениеті мен Шығыс дәстүрлерін байланыстыра отырып, қайталанбас, ерекше көрініске ие болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Сәулеті айрықша ғимараттар мен елордамыздың заманауи келбетіне әлем жұртшылығы тәнті болды. Қаламызда жаһандық мәні зор саяси шаралар өтуде».

Бүгінде Астана - Қазақстандағы барлық оң бастамалар мен қайта құрулардың мекені. Астана Отанымыздың жүрегі.

Елорда туралы бейбітшілік пен келісім қаласы ретінде өлеңдер мен әндер жазылады. Ол туралы кітаптар жазылды, фильмдер түсірілді.

Бүгінгі таңда барлық өңірлерде өз жетістіктерімен елдің жалпыұлттық табысына елеулі үлес қосатын елордамыз құрдастарының тұтас буыны өскенін мақтан тұтамыз.

Құрметті жерлестер!

Астана күні құтты болсын! Баршаңызға денсаулық, бейбітшілік, жақсылық, өзара түсіністік, амандық және сүйікті Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін жаңа жетістіктер тілейміз!