Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

«Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге.

Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге.»

Абай Құнанбайұлы

Құрметті кітап сүйер қауым! Сіздерді «Саран қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ оқырмандардың сұраныстары бойынша бюджеттік қаржыландыру аясында сатып алынған түрлі саладағы  жаңа кітаптарды оқуға шақырамыз!

2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдікұлының шығармаларын оқу ұсынылды. Акция аяяында Т.Әбдікұлының «Оң қол», «Өлі ара» атты кітаптары сатып алынды.

   

Қаламыздың кішкентай тұрғындарына арналған балалардың ой-өрісін дамытатын түрлі-түсті суреттермен безендірілген кітаптар, балаларды адамгершілікке, Отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа баулитын Қазақстандық баспалардың кітаптары: «Дарынды бала әлемі. Әлем халық ертегілері» 1-5 том, «Дарынды бала әлемі. Әлем халық ертегілері қазақ тілінде + аудио ертегілері бар желісіз шағын  колонка», «Қыз Жібек», Б.Әлімжанов «Әліппе-өлең», Т.Жексенбай «Әліппе әңгімелері», «Жерде динозаврлар заманы қашан болды?», «Энциклопедия для мальчиков», «Лучшая иллюстрированная энциклопедия для девочек», «Динозавры»,  Дагган Джерри

 «Дэдпул: величайший комикс в мире!» 5 томдық, А.Гарибаль «Все-все-все о природе»,  және т.б.     

Қазақ әдебиетінің классиктері:  Ә.Кекілбайұлы «Құсқанаты», М. Жұмабаев  «Батыр Баян», І.Есенберлин «Ғашықтар», «Алтын Орда», Ж.Жабаев «Халық - менің шын атым», Ж.Аймауытов  «Ақбілек», Шәкәрім «Қазақ айнасы» және т.б.

Қазақ тіліне аударылған орыс әдебиеттерінің классиктері: Ф.Достоевский «Бишаралар», Н.Гоголь «Петербург повестері», М.Булгаков  «Майталман шебер мен Маргарита», «Ит жүрегі», «Ақ гвардия», А.Бек «Волоколамск тас жолы» және т.б.

Қазақ тіліне аударылған шетел әдебиеттері: Р.Брэдбери «Фаренгейт бойынша 451 градус», Гүнтекин Решат Нури

«Үзілген жапырақтар», Ч.Диккенс «Оливер Твистің басынан кешкендері»,  О.Бальзак «Үзілген үміттер (бірінші кітап), Үзілген үміттер (екінші кітап)», «Шегірен былғары», «Жергілікті дәрігер» және т.б.

«100 Qazaqsha Bestsellers» жобасы бойынша алынған кітаптар:  Карнеги Дейл «Алаңсыз өмір сүру құпиялары», Д.Синсеро «Сен мықтысың өзіңе күмәнданба, шалқып өмір сүр», Д.Синсеро «Сен табыскерсің ойыңды өзгерт, ақша тап», Г. Чәпмән «Махабаттың бес тілі», В.Франкл «Өмірден мән іздеген жан» және т.б.

Салалық әдебиет бойынша: А.А.Жылқыбаев «Электротехника және электроника негіздері», С.А.Карякин «Шахматы. Задачи по тактике: более 500 задач», Д.Карпачев «Как дать ребенку все без денег и связей», А.Бисенбаев «Мифы древних тюрков», А.Никонов «Доктор, который научился лечить все» және т.б.   

Психология бойынша: Д.Кехо Карнеги Дейл «Подсознание может все!», Общайся так, чтобы тебя слышали, слушали и слушались! А.Просекин «10 принципов жизни. Алмазная мудрость на каждый день», Е.Михайлова «Раскрой себя. Методы практической психологии» және т.б.

Көркем әдебиет бойынша: К.Дәулеткерей «Терісбұрау»,  Ж.Ауғанбайқызы «Ақ орамал»,, А.Сүлейменов «Бесатар», М.Аймбетов «Бопай ханым», Д.Донцова «Мокрое дело водяного», «Змеиный гаджет», «Завещание рождественской утки», «Девочка Красная Тапочка», Т.Алюшина «Созданы друг для друга», «Вынужденное знакомство», «Белоснежный роман»,  Ч.Абдуллаев «Триумф карьериста» және т.б.

«Саран қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ жаңа әдебиеттермен таныстыру және кітап пен оқуды ілгерілету мақсатында келесі іс-шаралар өткізілді: «Жаңа кітаптар – жаңа білімдер» ақпараттық-шолу, «Жаңа кітаптар ұсынады» кітаптар көрмесі, «Оқуға шақырамыз» жаңа әдебиеттер сағаты, «Кітап әлемінде жаңа әдебиеттер» кітапханалық перзентация, «Жаңа кітаптар. Дарынды бала әлемі» буктрейлер, «Жаңа кітаптармен танысыңыздар» библиофреш.

Жаңа кітаптар туралы ақпаратты cbs-saran.gov.kz/ru/. сайтынан және Instagram @sarankitaphana біле аласыздар.

Кітапхана қорына түскен бұл әдебиеттердің арасынан әр бір оқырман өзіне тиісті кітаптарын таба алатынына сенімдіміз. Саран қаласы мен Ақтас кентінің кітапханаларына жаңа кітаптарды оқуға шақырамыз! Кітапханалар келесі мекен-жай бойынша орналасқан: Орталық қалалық кітапхана, Саран қ., Ленин даңғылы 1, №1 Отбасылық оқу кітапханасы, Саран қ., Московская көш. 5, №2 Отбасылыұқ оқу кітапханасы, Ақтас кенті, Кржижановского көш, АМСО, №3 кітапхана-бөлімшесі, Саран қ. 1а ықшам аудан 4 үй, 106 пәтер, №4 кітапхана-бөлімшесі, Саран қ. Ушакова көш. 8/1.

А.Баймұқанова,

«Саран қаласының орталықтардырылған кітапхана жүйесі» КММ  қорладры тізімдеу және қалыптастыру бөлімінің жетекшісі