Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазақстан Республикасының   «Қазақстан   Республикасындағы  тіл туралы»  Заңы 1997 жылғы 11 шілдеде қабылданды. Осы  Заңның 4– ші  бабында: Қазақстан   Республикасының   мемлекеттік  тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Сонымен бірге, Үкімет, мемлекеттік органдар мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы мен қолдануы үшін көмек көрсетуге міндетті деп көрсетілген. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Әрбір  елдің  қуатты күші, байлық – бақыты экономикалық, саяси – әлеуметтік даму деңгейімен ғана емес, сонымен бірге мәдени, рухани өрісімен айқындалады. Ал мәдени мұра, рухани талғам деген халықтың ақыл – ойымен көрінісі – тілге тікелей тәуелді екені белгілі.  Халықтың сақталуы да  тілге  тәуелді. Біздің  осындай  халықтық  қасиетті  мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі екендігін ешкім де жоққа шығармайтыны  баршаға  мәлім. Әркімнің  ана  тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым – қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар екенін  бәріміз білеміз. Ана тілінің дамуы ұлттық санаға тікелей әсер етері сөзсіз. Өз ана тілінде тәрбиеленген ұл мен қыз сөз қадірін түсінеді. Бүгінгі таңда тіл экологиясы қалыптастыратын заман жалғасуда.  Өйткені тіл – қарым қатынас құралы. Ұлы Абайдың  сөзімен айтқанда «Тілге жеңіл, жүреке жылы тиіп, теп – тегіс жұмыр келсін айналасы». 

Кемеңгер жазушымыз Ғабит Мүсірепов «Сол тілді жасаған, жасап келе жатқан  халықтың  баяғысын  да, бүгінгісін де,  болашағын да танытатын, сол халықтың  мәңгілігінің   мәңгілік  белгісі – Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдар ғана аяққа  басады» – деген екен.  Ана тіліміздің өгей ұлдары емес,  өзегін  жарып  шыққан,  туған  ұлдары  болайық  дегім  келеді.

Ж. Джумашева,

Саран  қаласының

Полиция бөлімі