Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазіргі уақытта қазақстандықтардың пәтер иесі болуға көбірек мүмкіндіктері бар.

Табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін «Тұрғын үй сертификаттарын беру» мемлекеттік қызметі ұсынылады.

Тұрғын үй сертификаты дегеніміз не?

Бұл азаматтарға ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін берілетін ақшалай төлем түрі.

Сертификат Ұлттық банк немесе мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бекіткен ипотекалық бағдарлама бойынша тұрғын үй сатып алынған жағдайда беріледі.

Көмектің осы түрін алуға құқығы бар азаматтардың санаттары әлеуметтік жағынан осал топтарға жатады:

  1. Ұлы Отан соғысының ардагерлері (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
  2. Жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
  3. Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
  4. Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
  5. Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
  6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 26830 болып тіркелген) бекітілген, кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінен зардап шегетін адамдар (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
  7. Жасы бойынша зейнеткерлер (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
  8. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар. Мұндай адамдарды әскери қызметке шақырған кезде жасы әскери қызмет өткеру мерзіміне ұзартылады (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар).
  9. Қандастар
  10. Экологиялық зілзалалардың, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
  11. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
  12. Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрған).
  13. Толық емес отбасылар (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

Тұрғын үй сертификатының сомасы қарыз сомасының 10% мөлшерінде айқындалады, бірақ бір млн. теңгеден аспайды.

Тұрғын үй сертификаты өтініш берушіге және онымен тұрақты бірге тұратын оның отбасы мүшелеріне ағымдағы қаржы жылына арналған заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген орташа табысы болған жағдайда әлеуметтік көмек ретінде ұсынылады.

Орташа табыс бойынша белгіленген шектен асқан жағдайда тұрғын үй сертификаты бюджеттік несие түрінде әлеуметтік қолдау ретінде ұсынылады.

Тұрғын үй сертификаты жергілікті атқарушы органның тиісті аумақтық бірлігі шегінде қолданылады.

Тұрғын үй сертификатын алуды күткен азаматтар төлем қабілеттілігін растауы керек.

Сертификат алу үшін «Отбасы банкінде» төлем қабілеттілігін алдын ала бағалаудан өтіп, тұрғын үй қарызын беруге мақұлдау алу қажет.

«Отбасы банкі» тексерісінен және тұрғын үй несиесін беруді мақұлдағаннан кейін тұрғын үй сертификатын алу үшін бөлімге келесі құжаттар тізбесін ұсыну қажет:

1) өтініш;

2) өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (жұбайы (зайыбы), кәмелетке толмаған балалардың) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

3) еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызмет бойынша соңғы 6 (алты) айдағы табысы туралы анықтама (отбасының (жұбайының), кәмелетке толмаған балалардың барлық мүшелеріне);

4) жұмыс орнынан анықтама;

5) ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның сомасы, мөлшері және ай сайынғы төлем сомасы туралы мәліметтерді қамтитын өтініш берушіге тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы екінші деңгейдегі банктің хаты.

Тұрғын үй сертификаттарын беру мәселелері бойынша консультацияны «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де мына мекенжай бойынша алуға болады: Саран қаласы, Жеңіс көшесі, 45 үй, № 4 кабинет, байланыс телефоны – 79077.