Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Үстіміздегі жылғы шілде айының 21-24 жұлдызы аралығында Павлодар қаласында 2013-2014 жылдарс аралығында туылған жасөспірімдер арасында футболдан «Еуразия футбол лигасы» біріншілігі өтті. Дүбірлі доданы Павлодар облыстық футбол федерация мен «Jastar LIGASY» қоғамдық бірлестігі берлесе ұйымдастырған екен.

Ондағы мақсат - футболды одан әрі дамыту және насихаттау, салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақты тарту, дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысуға, Ресей өңірлері мен таяу шет елдердің футбол мектептері арасында достық қарым-қатынас пен тәжірибе алмасуды нығайту, 2013 жылы туған жас футболшылардың спорттық шеберлігін арттыру, бәсекелестік тәжірибе жинақтау, турнирдің жеңімпаздары мен мықты ойыншыларын анықтау болса керек.

Мақсаты айтып тұрғандай, алғашында халықаралық деңгейде ұйымдастырылған байрақты бәсеке көршілес Ресей елінің футбол командаларының белгілі бір себептермен аталмыш турнирге қатыса алмауы себепті республикалық турнир болып өткізілді. Оған еліміздің түкпір-түкпірнен кілең мықты аяқдопшылардан құралған 8 команда қатысты.

Атап айтатын болсақ, бір ғана Павлодардың өзінен «Ақсу А» және «Ақсу В» футбол орталықтары мен Павлодар қаласының БЖМОРМ «Ертіс» командасы, Алматы шаһарынан «Қонаев» командасы, Семейден «Елім-ай» футбол орталығы, ал Өскеменнен «Форсаж» футбол клубы, Қарағанды облысының атынан «Скаут» футбол командасы мен Саран қаласының балалар мен жасөспірімдерге арналған мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебінің футбол командасы қатысты.

«Кімнің асығы алшысынан түссе, сол біріншіліктің жеңімпазы атанады демекші, барлық командалар шабуылда белсенділік танытып, бір-бірінің қақпаларын алма-кезек қыспаққа алып, бір-біріне соққыларын қарша боратты. БЖМОРМ футбол команадасы да сауатты қорғана жүріп, дер кезінде шабуылға лап қойып, әр соққысынан нәтиже шығаруға тырысып, аса сенімді өнер көрсетсе керек. Асқан жанкештілік танытып, соңына дейін барын салып ойнады», - деді бізбен тілдесіп, аз-кем сұхбат берген БЖМОРМ футбол команадасының аға жаттықтырушысы Елжас Айдарбеков.

Нәтижесінде Қарағанды облысының намысын қорғаған БЖМОРМ футбол команадасы 4 орынға жайғасты. Бұл да жаман көрсеткіш емес. Бар болғаны осы жолы сарандық аяқдопшыларымыздың бағы мен бабы сәйкес келмей қалғаны болмаса. Әйтпесе, бұдан өзге де жарыстарда талай топ жарып, жеңімпаз атанған сәттері де аз емес балалардың.

Бірақ біздің БЖМОРМ футбол командасының аяқдопшылары аталмыш турнирде жақсы ойын үлгісін көрсетті десек артық айтпаған боламыз. Оған дәлел, аталмыш команданың ойыншысы Вячеслав Ларин осы турнирде «Команданың үздік ойыншысы» номинациясын жеңіп алса, екінші бір ойыншымыз Ибрагим Амиров турдің «Үздік қақпашысы» атағын жеңіп алды.

Ендеше, Саран қаласының балалар мен жасөспірімдерге арналған мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебінің футбол командасына алда әлі талай болатын байрақты бәскелер мен дүбірлі додалардан тек қана жеңіспен оралуларын тіледік.

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ