Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

14.08.2023 ж. бастап Саран қаласы, Жеңіс көш. 45 мекенжайы бойынша ONAY жеңілдікті көлік картасына құжаттарды қабылдау басталады.

Тел.7-68-04; 7-68-05.

(Өзіңізбен бірге жеке куәлік, 3х4 фотосурет, жеңілдікті растайтын құжат болуы керек)

Келесі адамдар тегін жол жүру санатына жатады.

 Басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер

Фотосурет 3 см х 4 см. Жеке куәлік.

Жеңілдікті санатқа жататын адамның мәртебесін растайтын құжат (әскери комитеттің анықтамасы, жеке куәлік, куәлік)

Мерзімсіз

1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасына қоныс аудару және қоныс аудару аймақтарынан эвакуацияланған (өз бетінше кеткен) адамдар

Фотосурет 3 см х 4 см. Жеке куәлік.

Жеңілдікті санатқа жататын адамның мәртебесін растайтын құжат (әскери комитеттің анықтамасы, жеке куәлік)

Мерзімсіз

Екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар

Фотосурет 3 см х 4 см. Жеке куәлік.

Мүгедектік мерзімі көрсетілген МӘС анықтамасы

Он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналардың бірі

Фотосурет 3 см х 4 см. Жеке куәлік.

Мүгедектік мерзімі көрсетілген баланың МӘС анықтамасы, мүгедектігі бар баланың туу туралы куәлігі

Мүгедектігі бар адамдардың қорғаншылары мен қамқоршыларына

Фотосурет 3 см х 4 см. Жеке куәлік.

Қорғаншының (қамқоршының) куәлігі, мүгедектік мерзімі көрсетілген қамқорлыққа алынушының МӘС анықтамасы

Зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшері Қазақстан Республикасында белгіленген зейнетақылардың ең төменгі мөлшерінен аспайтын жасына байланысты зейнетақылар мен әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар

 Фотосурет 3 см х 4 см. Жеке куәлік.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясынан зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы мөлшері туралы анықтама

Құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көп балалы отбасылардың ата-аналарының бірі

Фотосурет 3 см х 4 см. Жеке куәлік.

 «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясынан арнайы мемлекеттік жәрдемақы алу туралы анықтама

Жетпіс бес жасқа толған және одан асқан адамдар

 Фотосурет 3 см х 4 см. Жеке куәлік.

«Саран қаласының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ