Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Құрылыс − адамзат баласымен бірге келе жатқан жасампаз кәсіп. Ауқымды саланы алға жылжытуда құрылысшылардың еңбегі ерен. Олар мыңдаған тұрғын үй мен қызмет көрсету ғимараттарында, мектептер мен балабақша, ауруханалар мен емханаларда, ғажайып кешендер мен көрікті үйлердің көптеп салынуына қыстың суығы мен жаздың аптап ыстығында да тер төгіп еңбек етіп келеді.

Құрылысшының қолтаңбасы қалған ғимараттар – сол қоғамның өмірінен сыр шертетін ерекше дереккөз. Құрылысшы мамандығында өнер мен білім, талант пен талғам тоғысады. Сондықтан бұл бүкіл әлемдегі жасампаз, құрметті де абыройлы кәсіп. Тамыз айының екiншi жексенбiсiн «Қазақстан құрылысшылары күнi» деп жарияланған болатын. Осыған орай, атаулы күнде ұстыны биік мамандық иелерін елемеу мүмкін емес.

Құрылыс индустриясы - экономиканың негiзгi iргетасы екенін ескеріп, Саран қаласы әкімінің міндетін атқарушы Алмас Сүлейменов бұл сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады.

Қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен мерекелік жиында шаһардың сәулеті мен келбетін, ажарын ашып, айбарын асқақтататын келісті келбетінің көркеюіне үлес қосып келе жатқан құрылыс мамандарын «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хатпен» марапаттады.

«Сіздерді кәсіптік мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Құрылысшы мамандығы әрқашан зор беделге ие. Себебі бұл сала мемлекетіміздің басты бағыттырының бірі. Бұған дәлел, адамдардың өмір сүру сапасы және ел мен аймақ экономикасының қарқынды дамуы.

Бұл тұрғыда шаһарымыздағы «ККК Бетон», «Завод ЖБИ-5» ЖШС, «ДОМ ЖҚБ», «RAKADA GROUP» кәсіпорындары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, құрылыс бөлімді, сәулет және қала құрылысы бөлімі қызметкерлерінің еңбегін ерекше атап өтуге болады.

Құрметті әріптестер! Шебердің қолы ортақ демекші, өнерлі құрылысшылар ел дамуына үлес қосып қана қоймай, бүгінгі күнді өзгертіп, болашақ ұрпаққа жаңа серпіліс сыйлайды. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт және толағай табыс еңбектеріңізге жеміс тілеймін. Мерекелерңізбен!», - деді құттықтау сөзінде қала әкімінің міндетін атқарушы Алмас Сүлейменов.

Құрылысшылар күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шарада бірқатар сала мамандары марапатталды. Олардың қатарында «ККК Бектон» ЖШС директоры Александр Иванович Кику, «Завод ЖБИ-5» ЖШС директоры Оксана Викторовна Степанова, «Дом ЖҚБ» ЖШС директоры Максим Владимирович Филимонов, «RAKADA GROUP» ЖШС құрылтайшысы Жан Жетпісбайұлы Жангиров, «Саран қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысы Сәлжан Қанаұлы Балаубаев, «Саран қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы Айгүл Рамазанқызы Мусалиева, «Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ тіршілікті қамтамасыз ету және жедел басқару секторының меңгерушісі Меруерт Жәкенқызы Рахметкалиева, «Саран қаласының құрылыс бөлімі» ММ бас маманы Мақсат Асқарұлы Тоқтасынов, «Саран қаласының құрылыс бөлімі» ММ статистері Руслан Анатольевич Ван, Арғын Амангелдіұлы Мухтаров, Әлихан Хамзатұлы Сейдуалиев, Дарья Сергеевна Бородина, Еламан Қайратұлы Татыханов, Людмила Николаевна Легкошкур, Людмила Николаевна Пулиновская, Самал Манатқызы Аманбекова, «Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ статистері Айдын Амангелдіұлы Мұқтар, Жантөре Аспандиярұлы Хамиджановтар бар.

Құрылыс − экономиканы қозғаушы күш. Құрылысы қарқынды жүрген мемлекеттің экономикасы дамып, қалалары сәулетімен сұлуланады. Тұрғындары баспаналы болып, бақыты еселенеді. Аймақтағы құрылыстарды қолдап, қаржы бөлінетін мемлекеттік бағдарламалардың да көздеген мақсаты осы − халықтың жағдайын жасау. Бұл мақсатқа жетуде құрылысшылардың еңбегі зор.

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ