Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Мемлекеттік қызметшінің кәсібилігі, сыртқы келбеті мен әдеп нормалары маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік органдарда қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзудың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін сақтауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ,  өзінің уәкілеті шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беретін  Әдеп жөніндегі уәкілдер  қызмет атқарады.

Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды, мемлекеттік қызметшілердің қыз¬мет¬тік әдеп нормаларын сақталуына мониторинг жасау және бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыруға өз үлесін қосады.

Әдеп жөніндегі уәкілдер институтын нығайту, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімінің артуына, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Әдеп жөніндегі уәкілдер  қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларының сақталуына, ұжымның моральдық-психологиялық жағдайына мониторинг жасау, артық жұмыс атқару  фактілерінің алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметшілерді қатыстыра отырып, анонимдік сауалнамалар өткізіп, нәтижесі бойынша жергілікті атқарушы мекемелердің басшыларына қажетті шаралар қабылдау жөнінде ұсынымдар жолдайды.

Өз кезегінде, Әдеп жөніндегі уәкілдер  мемлекеттік қызметшілер мен азаматтармен кездесулер, ұжымдарда семинар-дәрістер, жеке қабылдаулар өткізіп, туындаған сұрақтарына тиісті ақпарат беріп, кеңестерімен бөліседі.

Жалпы, Әдеп жөніндегі уәкіл қызметі – мемлекеттік қызметтің дамуына әсер ететін жауапкершілігі жоғары, жүгі ауыр қызмет. Әрбір әдеп жөніндегі уәкіл сеніп тапсырылған қызметті абыройлы орындауы қажет. Сонда ғана, біз мемлекеттік қызметтік  оң имиджін  қалыптастыра аламыз.

Осындай өзіне жүктелген қызметтерді өз деңгейінде атқара білген уәкіл мемлекеттік қызметшілердің беделінің артуына үлес қосары сөзсіз.

К.Сергазина,

Қазақстан Республикасы Мемлекетті қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас маманы