Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Дәстүр бойынша біз тамыз айының соңғы жексенбісінде кеншілерімізге - яғни, осы бір құрметті мамандықтың өкілдеріне құрмет көрсетеміз, себебі олардың еңбегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді, қазақстандықтардың үйлеріне жарық пен жылулық сыйлайды, өңіріміздің және тұтастай алғанда еліміздің өркендеуіне тікелей ықпал етеді.

Кенші мамандығы қашанда аса ауыр, өте қауіпті, сонысына қарамастан сұранысқа ие және құрметті мамандық болған және болып қала да береді. Бұның жарқын дәлелі ретінде аймақтың кеншілер отбасылық әулеттерінің плеиадасы болып табылады.

Біз осы саланың ардагерлеріне, еңбегі сіңген кеншілерге, туған өлкенің даңқты шежіресіне, оның экономикасының қалыптасуы мен дамуына баға жетпес үлес қосқан жандардың барлығына ерекше алғыс айтамыз.

Сонымен қатар, біз жақында қаза тапқан 5 кеншінің отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз!

Құрметті жерлестер!

Өз тағдырын осы шахтер мамандығымен байланыстырған жандардың барлығына ризашылық білдіре отырып, Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт, сәттілік және амандық тілейміз!