Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Құрметті Саран қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындары! Құрметті балалар, педагогтар, ата-аналар! Сіздерді Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгін біздің ортақ қуанышымызға орай, жүз мыңдаған оқушылар мен студенттерге, соның ішінде Саран қаласындағы мектептер, лицейлер, колледждермен қатар, еліміздің жоғары оқу орындары өз есігін қайта ашты.

1 қыркүйек мерекесі - таңғажайып білім әлеміне жаңа, қызықты жолдың бастауы.   Оқу жылдары - мектеп оқушылары мен студенттер ғылымның шексіз мұхитына сүңгіп, адамзаттың барлық жинақталған даналығымен танысып, үлкен жаңалықтар мен жетістіктерге тап болатын тамаша уақыт.

«Ғасыр тек біліммен қозғалады! Тек білім-жүректің нұры!», - деген Абай атамыздың қанатты сөздері біздің жастарамыздың ұранына айналсын дегіміз келеді.

 Бүгін біздің бірінші сынып оқушылары алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды, олар үшін қызықты сабақтардың ұмытылмас әсеріне толы өмірдің жаңа қызықты кезеңі басталады.

Ал түлектер үшін бұл кезең болашақ мамандықты таңдауда және еңбек мансабының басында шешуші, тағдырлы болады. Мектеп қабырғасында алған барлық білім олар үшін одан әрі рухани-адамгершілік бағдар болатынына сенімдіміз.

Бүгін, Білім күні барша ұстаздарға, мұғалімдерге, оқытушыларға – игі істеріңізге шексіз шыдамдылық пен күш-қуат, сарқылмас қуат және баға жетпес білімдеріңізбен бөлісуге зор мүмкіндік тілейміз. Жаңа оқу жылы кәсіби қызметте шығармашылық табыс әкелсін.

Мәртебелеріңізді асырар шәкірттеріңіз көп болғай!

Жаңа оқу жылы жетістіктерге жетелесін!