Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Ия, пендесіне берілер сынақ әрқилы. Бірі жазатайым оқиғадан жапа шексе, енді бірі туа бітті бұзылысқа тап болып, қазіргі қоғам тілімен айтқанда «мүмкіндігі шектеулі» деген топқа жіктеліп жатады. Басқа түссе пенде тағдырдың кез келген сынағына төзеді. Бұл бағытта мемлекет оларға өзгелермен тең дәрежеде жүріп-тұрып, кедергісіз өмір сүрулеріне қажетті жағдайлармен қамтуды басты назарда ұстауда.

Ия, пендесіне берілер сынақ әрқилы. Бірі жазатайым оқиғадан жапа шексе, енді бірі туа бітті бұзылысқа тап болып, қазіргі қоғам тілімен айтқанда «мүмкіндігі шектеулі» деген топқа жіктеліп жатады. Басқа түссе пенде тағдырдың кез келген сынағына төзеді. Бұл бағытта мемлекет оларға өзгелермен тең дәрежеде жүріп-тұрып, кедергісіз өмір сүрулеріне қажетті жағдайлармен қамтуды басты назарда ұстауда.

Ерекше білімді қажет ететін балалардың дамуындағы ауытқуларына қарамастан шынайы ортаға бейімделуін арттыру күн тәртібіндегі мәселелердің бірі. Бұл үшін қажетті жағдайлар жасалуда.

Үстіміздегі жылдың 28 тамызында Конституция күні қарсаңында Саран қаласында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылды. Саран шаһарында алғаш рет ашылып отырған жаңа орталық туылғаннан 18 жасқа дейінгі дамуында ерекшелігі бар балалардың сапалы білім алуына мүмкіндік беріп отыр.

Әлеуметтік нысанның ашылу салтанатына қатысқан Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова мен Саран қаласы әкімінің орынбасары Сағынбек Бейскеев орталықтың маңыздылығына тоқталды.

«Балалардың өмірін жақсартып, лайықты болашаққа қол жеткізуге мүмкіндік беру үшін білікті мамандардың дер кезіндегі көмегі ауадай қажет. Сондықтан ерекше оқытуды қажет ететін балаларға және олардың отбасыларына тиісті жәрдем көрсететін осындай орталық ашылып отыр. Енді бүлдіршіндеріміз білікті мамандардың демеуімен қатардан қалмай тиісті деңгейде білім ала алады», – деді Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова.

Жыл сайын түзету кабинеті дамуында түрлі ақаулары бар, соның ішінде аутистік спектрдің бұзылулары бар 50-ге жуық балаға көмектесетін болады. Мамандардың барлық қызметтері тегін. психологиялық-педагогикалық түзету жұмыстары 3 айдан 12 айға дейін созылады.

«Саран шаһарында мүндай кабинеттер мүлдем болған жоқ. Сондықтан біздің қаладағы ата-аналарға балаларын Қарағандыға немесе басқа қалаларға апаруға тура келді. Сол себепті де өзімізде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету кабинетін қадамдық қолжетімділікте ашу қажеттілігі болды», – дейді Саран қаласы әкімінің орынбасары Сағынбек Бейскеев.

Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне бара отырып, балалар логопедпен, дефектологпен, әлеуметтік педагокпен, музыкалық ырғақ және емдік дене шынықтыру оқытушыларымен жаттығатын болады. Оларды психолог маман да қарайды. Балаларды жеке дамыту және түзету-дамыту бағдарламалары бойынша топтық және кіші топтық сабақтарға тартатын болады.

Түзету кабинеттерінде қажетті заманауи жабдықтар қарастырылған. Атап айтқанда, физиотерапия кешендері, монтессори бөлмесі, дидактикалық және әдістемелік материалдармен қамтылған.

«Түзету кабинеті психологиялық- педагогикалық көмекті көру қабілеті һәм есту қабілеті бұзылған, сөйлеу тілінің бұзылысы бар, сөйлеу тілінің дамуы тежелген, тірек-қимыл аппараты қызметінің бұзылысы бар, зерде бұзылыстары бар, психикалық дамуы тежелген, эмоциялық-ерік әрекетінде және мінез-құлқында бұзылыстары бар балаларға көрсетеді. Түзету жұмыстарын әлеуметтік педагог, дефектолог, психолог, әлеуметтік педагог, логопед, емдік дене шынықтыру мұғалімі, музыкалық ырғақ мұғалімі, сурдопедагог, тифлопедагог мамандары жүргізеді. Барлық қызмет түрлері тегін көрсетіледі», – деп атап өтті «№8 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Құралай Құлмағамбетова.

Мұндай тегін көмекке ие болу үшін ата-аналар қажетті құжатты тапсырса болғаны. Яғни, Саран қаласында алғаш рет ашылып отырған №8 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде 0-ден 18 жасқа дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-медициналық      алық педагогикалық кеңес қорытындысы мен ұсынымдары негізінде және ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің келісімімен оңалтудан өте алады.

«Бүгіннен бастап ППТК-да баланы оңалтуға жазба ашылды, оған ілеспе құжаттарды қоса бере отырып, malahit24.kz сайтына кіріп, электрондық немесе қағаз түрінде өтініш беру қажет. Яғни, ерекшеліктері бар балаларды алдымен психологиялық-медициналық педагогикалық кеңеске апарады. Сол жерде ата-анаға берген анықтамаға осы түзету кабинетін жазып берсе, malahit24.kz сайтына кіріп, аталмыш психологиялық-педагогикалық түзету кабинетін таңдайды да, баланың ПМПК анықтамасы мен туу турлы куәлігін тіркейді. Басқа ешқандай құжаттың қажеті жоқ», – дейді Қарағанды облысы білім басқармасының тәрбие жұмысы, арнайы және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Аруна Мұқашева.

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ