Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің  ана  тілі, ұлттық  мәдениеті жоқ ел  өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі  барлық  халық  тәуелсіздікке  ұлттық қадір – қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.

Болашағы  бар  ұлт  бүгінгі  мен ертеңгі  ұрпағының сана – сезімін ана тілінде тәрбиелесе ғана тарих сахнасының төрінен орын  алары  хақ. Өйткені ұлттық  даму рухани сабақтастық  негізінде жүргізіледі.  Әрбір  өскелең  жас ұрпақ  алдыңғы  аға  буын  жалғастырған  жолды, ата – баба өсиетін  түсініп, сезініп барып өркендейді. Ұлттық  болмыстың  тек өзіне  ғана тән, қайталанбас құндылығы, ерекшелігі – тіл.  Ұлтты  сақтау – тілді сақтау. Сондықтан да   тілдің  құдіретіне бас июден, сол құдіретті тануға, ілгері  дамытуға деген құлшынысымыздан  айырылып   қалмайық. Ұлттың да, ұлт тілінің де болашақ иегерлері болатын жастарымызды соған баулый берейік.

      «...Жоғалып, өшіп  кеткен  тілдердің  қайта тіріліп  келмейтіндігі белгілі. Жаңадан  тіл  пайда болмайды. Тілдердің  пайда болу дәуірі  өтіп  кеткен. Сондықтан  қазіргі  барымызды  құрметтеп, аялап, мәпелей білуіміз керек» - деген  заңғар жазушы  Шыңғыс  Айтматов  атамыздың  сөзімен  түйіндейін.

   Ж. Джумашева

Саран қаласының

полиция бөлімі