Бүгін: 19.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Ақпараттық технологиялар қарқынды дамыған қазіргі уақытта электронды қызметтердің үлесінің артуы, олардың қызмет алушылардың талаптарына сай болуы уақыт талабы.  Бұл орайда қызмет берушілер мен қызмет алушылар арасында сапалы байланыс тек электронды үкімет порталы арқылы ғана емес, сонымен қатар екінші деңгейлі банктердің қосымшалары да тиімді қызмет атқарып отыр.

Атап айтқанда, бұған дейін электронды үкімет порталында тек Электронды цифлы қолтаңба арқылы ғана жұмыс істеу мүмкін болса, қазіргі таңда ЭЦК мен қатар жасырын сөз, биометриялық деректерді пайдалану арқылы және QR-коды арқылы авторизациядан өту мүмкіндіктер қарастырылып, электронды үкімет порталында жұмыс жасау, аталған платформаны қолдануды тиімді ете түсті.

Өз кезегінде электронды қызметтерді ұсыну бағытында электронды үкімет порталымен қатар бәсекелестік ортада екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары да қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қолайлы орта ұсынып отыр.

Атап айтсақ,  мобильді қосымшалар арқылы өзіңіздің цифрлық құжаттарыңызға  оңай қол жеткізу және қалта тефоныңыз арқылы бірқатар мемлекеттік қызметтерге ешқайда бармай-ақ, ұзын-сонар кезекте тұрмай-ақ өтінім беру мүмкіндігіне қол жеткізіп отырмыз.

Технологиялардың қарқынды дамуы мен мемлекетіміздің  электронды қызметтерді жетілдіру бағытында тиімді жүргізіліп отырған саясатының нәтижесінде ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында көрсетілген 74,3 млн. астам мемлекеттік қызметтің 73,3 млн. астамы (98,6%) электрондық нысанда көрсетіліп отыр.

Облысымыз бойынша 2021 жылы электронды көрсетілген қызметтердің үлесі 2 млн-ға жуық болса, ағымдағы жылдың жарты жылдығында аталған көрсеткіш 8 млн-нан асып отыр.

Бұл дегеніміз қызмет алушылар тарапынан  мемлекеттік қызметтерді мекеменің табалдырығын тоздырмай, өз мүмкіндіктерін, уақыттарын тиімді пайдалануға барынша ден қойып отыр деген сөз.

Электронды қызметтердің үлесінің артуы, олардың қолжетімділігі мен сапасының жоғары деңгейде болуы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басты назарында.

Сондықтан, жыл сайын электронды қызметтердің хал ақуалына тиісті деңгейде бақылау жасау мақсатында «электрондық үкімет» порталының «Ашық диалог» платформасында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттану деңгейін анықтауды онлайн нысандағы сауалнама жүргізілуде (https://m.egov.kz/survey/). Аталған сауалнаманы өту арқылы сіз электронды мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жетілдіруіне өз үлесіңізді қоса аласыз.

Сонымен қоса, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру бойынша ұсыныстарыңыз немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қатысты шағымыңыз болса, Сіз Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне жүгіне аласыз.

А. Абдикаримов,

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер  басқармасының басшысы