Бүгін: 14.10.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Тіл – тәрбие діңгегі, тіл – білім – ғылымды игеру көзі, тіл – ұлттың жаны. Мемлекеттік тіліміз – мемлекеттің нышаны. Бір мемлекетте бір мемлекеттік тіл өмір сүруі рухани тұтастыққа қол жеткізеді. Ал рухани тұтастықтың апарар шегі – шын мәніндегі үлкен әріптермен жазылатын – тәуелсіздік.

Бүгінгі таңда басқа ұлт өкілдерін мемлекеттік тілде оқыту өзектілігін жоғалтқан жоқ.  Қазақстан  халқының тілдерін  дамытуда  көрсетілген үш негізгі  мақсаттағы стратегиясының бірі – « Мемлекеттік тілдің  әлеуметтік – коммуникативтік  қызметін  кеңейту мен нығайту» өзге  ұлт  өкілдеріне мемлекеттік тілде  оқытудың мақсат, міндеттерімен үйлесіп отыр.

Әр мәдениетті азамат үшін,  өз  Отанын, өскен өлкесін, оның тарихын, мәдениетін, тілін білу парыз. Халықтың тарихын, мәдениетін, тілін, рухани байлығын білу – әрбір адамда  халыққа  деген құрмет сезімін оятады.

Біз тіл мәселесінде ақырын жүріп, анық басып келе жатқан елміз. Бұл көздеген мұратқа, белгіленген  межеге  жетудің дұрыс жолы екенін уақыттын   өзі көрсетіп отыр. 

Осы мақсатта шаһарымызда қалалық тілдерді дамыту орталығы  көптеген нәтижелі жұмыстар атқаруда. Орталық  мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру және насихаттау шеңберінде қалтқысыз жұмыс жасап жатыр.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2020–  2025 жылдарға  арналған   мемлекеттік  бағдарламасын  жүзеге  асыру  мақсатында,  2023 жылғы  қыркүйек  айынан  бастап  қалалық  тіл  орталығы  әдіскерлерімен  полиция бөлімінің  қызметкерлеріне  тегін мемлекеттік тілді оқыту курстары ұйымдастырылған. Оқыту сабақтары  күніне  бір сағаттан,  дүйсенбі –   жұма күндері аралығында  өткізіледі.

«Полиция бөлімінде бір топ құрылған. Сабақ  орталық  әдіскерлері әзірлеген оқу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Оқыту барысында оқытушылар  қызметкерлерге  оқу құралдарын, оқытудағы  жаңа технологияларды  қолданып, сабақтарды  тиімді түрде өткізуде. Әр сабақтың соңында үй тапсырмалары қайталанып, оқу жұмыстары  жаңдандырылуда», - дейді орталық директоры  Альбина  Оспанқызы  Нурмаханова.

Тіл – халықтың  жан дүниесі, рухани  негізі мен  ел еркіндігін, ұлттың ұлылығын  танытатын  басты  күш, ұлт  болмысын  ұғындырып, жалпы жұртты төңірегіне топтастырушы, біріктіруші.

Сондықтан мемлекеттік тілді білу – өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі. Тілді өмірдің  барлық  саласында  қолданып, аясын кеңейту жолында  әрбір  қазақстандық  өзінің  азаматтық  міндетін  атқарғанда ғана ол нәтижелі болатынына күн сайын көз жеткізіліп келеді.

Ж.  Джумашева,

Саран қаласының полиция бөлімі