Бүгін: 01.12.2023
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазақта «Отаны  бірдің – тілегі бір,  жүрегі  бір» деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса  да  жүрегі бір, тілі  басқа  болса да тілегі бір, атасы  басқа болса  да   Отаны бір,   қаншама  ұлттар  мен  ұлыстарды  біріктіріп, дүние жүзі  мойындап  отырған  елміз.  Көп  ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз  – біздің  байлығымыз, мақтанышымыз.

Мемлекеттік  тілді  қастерлеп, үйрену – Қазақстанның барша азаматының парызы. Осы парызды мүлтіксіз орындап, мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері – біздің еліміздің мақтанышы.

Саран  қаласының Полиция бөлімінде қазақ  ұлтынан 114 қызметкер, орыс  ұлты  9 қызметкер, татар ұлты 1,  қырғыз ұлты 1,  шешен ұлты 1, кәріс ұлты 1, азербайжан, түрік ұлтынан 2 қызметкерлер қызмет атқарады.

Полиция майоры  Абдуллаев  Заур  Харатдиноглы  түрік тілінде,  полиция  майоры  Висмурадов Муса Салманович  шешен тілінде, полиция лейтенанты  Хан  Жанна  Валерьевна  кәріс тілінде,  полиция  лейтенанты Мамедов  Сахил  Асимоглы  азербайжан  тілінде  жетік  сөйлейді, әрі бұл қызметкерлер  мемлекеттік тіл – қазақ тілінде еркін сөйлеп, қаладағы және облыстағы барлық,  тіл  туралы  іс – шараларға қатысады.

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы»  дегендей  біз, полиция қызметкерлері  ана  тіліміздің  тұғырының  мықты болуына  негіз  қалаған  бабаларымыздың өсиетін ұран етіп, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге  атсалысудамыз. Қызметкерлердің  ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту басты мақсатымыз.

Әр ұлттар достығы мен тіліміз жасай берсін!

Ж.Джумашева,

Саран қаласының Полиция бөлімі