Бүгін: 14.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Баршаңызды ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтаймыз!

Бұл мереке – жалпыұлттық бірлік пен Қазақстанымыздың бүгіні мен болашағы үшін ортақ азаматтық жауапкершіліктің нышаны.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке.

Біз Әділетті Қазақстанды құруға кірістік. Барша қазақстандықтар белсене атсалысқанда ғана осы игі мақсатқа қол жеткізе аламыз. Себебі мемлекеттің тірегі де, басты байлығы да – азаматтар!».

Саран қаласының тұрғындары күнделікті еңбектері арқылы еліміздің жалпы табысына зор үлес қосуда.

Біздің шаһарда тұрғын үйлер мен жолдар салынуда, аулалар мен саябақтар көркейтілуде, жұмыс орындары ашылып, мемлекет тарапынан көрсетілетін барлық әлеуметтік қорғау шаралары қамтамасыз етілуде.

Біздің тараптан өскелең ұрпақтың жақсы білім алуына, спортпен шұғылдануына, туған елінің көп ұлтты халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын құрметтеп үйренуіне жағдай жасалуда.

Сізге және сіздің жақындарыңызға бейбітшілік, жақсылық, бақыт, зор денсаулық пен амандық, еңбекте табыс және Отанымыздың игілігі үшін жаңа жетістіктер тілейміз! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы желбірей берсін!