Бүгін: 13.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Тіл – мемлекеттің  тұғырлы  тірегі,  халықтың  рухани  байлығы, өткені мен  болашағының  айқын  көрінісі. Ана  тілінің  қадір – қасиетін бағалай білген  халқымыз  оны  ұлттың  рухына, қазына  байлығына  балайды. Себебі, тіл  халықтың  жаны, тұтастай  кескін – келбеті, ұлттық  болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен дәстүрі. Біздің  осындай  халықтық қасиетті мұрамыз,  ана тіліміз – қазақ тілі. Тіл – тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен  ынтымақтың  жығылмас  туы. Қазақ  елі  тәуелсіз  мемлекет  болып орнағалы  ширек  ғасырға  таяу  уақыт  болды. Мемлекеттік  тіл – қазақ тілі деп  жарияланды.

«Қазақтың  болашағы – қазақ тілінде» –  деген  сөз, алдымызға  айқын  жол ашып  берді. Біз тек  осы  ұстанымды  жүзеге  асыру  үшін,  бар  күш – жігерімізді  аямай, еңбек  етуіміз  қажет. Демек, біздің міндетіміз – қазақ тілінің   мәртебесін  асыру  болмақ. «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін», –деген ұлағатты сөзді ескермеу мүмкін емес.

Тәуелсіздік  алғаннан  бері  тіл саясаты  қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күні  мемлекеттік  тілдің қолданылу  аясын кеңейту мен тілге деген құрметті артыру  мақсатында мемлекеттік  бағдарламалар мен іс – шаралар  өткізілуде. Еліміз  жетпіс  жылдай  Кеңес Одағының  қарамағында  болды. Ата – анамыз орыс тілін  ұлықтады. Еліміз  сан  ғасыр  аңсаған  тәуелсіздікке  қол  жеткізді. Тіліміздің  түп  тамырымен  жойылып  кетпегеніне  шүкіршілік.

Қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. Дегенмен, қазақ тілін  мемлекеттік  тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақтың үлесі болса екен. Өзгенің емес, өз еліміздің тілін ұлықтап, мәртебесін асыруға атсалысайық!

Ж. Джумашева,

Саран  қаласының  ПБ