Бүгін: 13.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

 Сібір жарасы-шөпқоректі жануарлар мен адамда болатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Ауруды қоздырғыш көзі-сібір жарасы таяқшасы.

Адамның ауруды жұқтыру көзі-үй жануарлары. 

Жануарлар көбінесе сібір жарасы қодырғышы ұзақ уақыт спора түрінде сақталатын, ауру жануарлардың өлекселері көмілген жерлерде орналасқан жайылымда жұқтырады.

Егер қоздырғыш ауру жануарға күтім жасау, ұшаларды мүшелеу, теріні алу кезінде зақымдалған (кесілген) теріге енсе; терімен, жүнімен, қылшықтарымен және олардан жасалған бұйымдармен жанасқанда; зарарлы ет пен сүтті тұтыну кезінде; споралармен зарарлы жүнді, теріні, тері бұйымдарын өңдеу кезінде ауа-шаң арқылы жұқтыруы мүмкін.

Сібір жарасының инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан 8 күнге дейін болуы мүмкін, көбінесе ол 2-3 күнді құрайды.

АУРУДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

Ауру жедел басталуымен сипатталады: инфекция түскен теріде қызыл дақтың пайда болуы, ол қара қыртыспен жабылған және қызарған іріңді бөртпе мен жараға айналады. Температура алғашқы күннің соңында (көршиқан пайда болғанда) 39-40°C дейін көтеріледі, ол 5-7 күнге дейін сақталады.

Сібір жарасының алдын алу:

* Адамдарға мен қоғамдық және жеке сектордағы жануарларға  сібір жарасына қарсы профилактикалық вакцинация жүргізу қажет.

* Жануарларға күтім жасау кезінде жеке гигиенаны қатаң сақтау және жеке қорғаныс құралдарын қолдану қажет.

* Жануарлар сібір жарасынан опат болған жағдайда, олар өртеледі немесе қатаң белгіленген жерлерде қорымға көміледі. Қорымның түбіне және жануардың өлексесінің үстіне 10-15 см көлеміндегі қабатта сөндірілмеген әк салынады.

* Егер сібір жарасы ауруына күдік туындаған жағдайды, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.

«Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ