Бүгін: 27.04.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

 

Қазіргіуақытта сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану аясы жыл өткен сайын артып келеді. Сонымен қатар мемлекеттік тілде сот ісін жүргізу мәселесі де күнтәртібінен түскен жоқ. Бұл біздің бір күндік немесе бір кезеңдік іс-шара ғана емес, тәуелсіздігіміз тұғырлы болу жолындағы негізгі бағыттардың бірегейі болуы тиіс. Сонда ғана діттеген межеге бұрын келеріміз анық. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі «барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» екендігін әрқашан есте сақтауымыз керек.

      Бұл күндері қазақ тілінде жер бетінде 15 миллионнан астам адам сөйлейді. Егер қазақ тілінің түркітілдер тобына кіретінін, әлемдегі 30-ға жуық түркі тілдерінде 200 миллионға тарта адамның сөйлейтінін ескерсек, қазақ тілін ұғатын, түсінетін, оны ұлтаралық қатынас құралы ретінде пайдалана  алатындар саны көбейе түспек.

      Қазіргі уақытта сот жүйесінде барлық құжаттар, іс-қағаздар мемлекеттік тілде орындалады. Сот ісін жүргізу тілі басымдық мемлекеттік тілге деген талап күшейтілді.

     Елбасымыз: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақтілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» — деп атап көрсеткенді.

     Тіл қарым-қатынас құралы болуы мен бірге оны тұтынушы халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, дүниетанымдық ерекшелігін, ұлттық болмысын, рухани-мәдени байлығын, сан ғасырларға созылған даму тарихын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, жеткізуші, жинақтаушы  қызметін атқарады.

        Осы қасиеттеріне сәйкес қазақ халқыныңан атілі — қазақ тіліне мемлекеттік тіл ретінде басымдылық берілетінін негіздеген Ата заңымызбен, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы заң» және «Тілдерді қолдану мен дамыту туралы» 2011-2020 жылдарғ аарналған мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес, қазақ тілі еліміздің бүкіл аймағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі болуы тиіс. Алайда тілтуралы Заңда айдан анық айқындалғанымен, қазақ тілі мемлекеттік басқару тіліне айнала алмай келеді. Сондықтан да патриотизм мен тығыз байланысты мемлекеттік маңыздағы мәселе — мемлекеттік тіл мәселесі. Мемлекттік тіл — бұл Отан бастауалатын ту, елтаңба, әнұран секілді дәл сондай нышан. Ол елдің барша азаматтарын  біріктіруі  тиіс.

       Осыған байланысты қоғамдық пікір мен ғалымдардың, зиялы қауым өкілдерінің туған тіл туралы тебіреніске толы толғауларында ұлт пен тілдің біртұтас, бір-бірімен тығыз байланысқан киелі асқақ ұғымдар екеніне баса мәнберіледі. 

       Кеңес үкіметі тұсында Ахмет Байтұрсыновты, Міржақып Дулатовты басқа да ұлт зиялыларын қатты толғандырған осы тіл мәселесіеді . Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі («Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР заңынан үзінді)

 

      Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Өйткені тіл — біздің ана тіліміз — Туымыз, Ел таңбамыз, Ән ұранымызбен қатар біздің елдігіміздің басты белгілерінің бірі болып саналады. Мемлекет болған жерде оның мемлекеттік тілі болуы да керек. 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан бері қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып – Қазақ тілі белгіленеді. Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.

Ата Заң - Конституция мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге кепілдік береді. «Тіл туралы» заңның 4-бабында: «Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және ісқағаздарын жүргізу тілі», - деп атап көрсетілген. Десек те, айдың-күннің аманында, тәуелсіздігіміздің 23 жылдығында тіл тағдырын қиянатқа, додаға салуды тоқтатпай келеміз. Тіл саясаты кез келген мемлекеттің ұлттық тағдырын шешетін киелі құбылыс. Ал, бабалар тілінің тегеурінін алға жылжытпай отырған кейбір мемлекеттік орган басшыларына Абайдың айтқанындай: «Қарны тоқ, қаса надан ұқпас сөзді, сөзді ұғар көкірегі болса көзді» дегіміз келеді. - Тіл. Ұлт. Тәуелсіздік атаулары біз үшін қасиетті ұғымдар. Жүрегі елім деп соққан әрбір адамның өзінің халқына, ұлтына, тіліне деген ерекше сезімі болатыны сөзсіз. Елбасымыз айтқандай, «Әрбір қазақтың ана тілін білуі - парыз, білмегені - ұят та». Мемлекеттік тілдің мәртебесі арқылы халықтың сотқа деген сенімі, сот билігінің беделі артады. ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген мемлекетіміздің әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қоғамның іргелі дамуымен қатар ана тілімізді сот саласында берік орнықтыру, оның беделін көтеру мақсатында жергілікті сот кеңселерінде жұмыс ауқымын кеңейту қажет. «Қазтест» атты мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі туралы білесіздер. Алдағы уақытта сот саласының қызметкерлерін «Қазтест» бойынша тестілеуден өткізіп, олардың деңгейін анықтап, оқыту курстарын ұйымдастыру керек. Жергілікті соттар кеңселері іс- қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге, жалпы, құжат айналымында мемлекеттік тілдің үлесін көтеруге, сот ісі мен ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің сапасын арттыруға қатаң кірісуі қажет.

                            

  

Саран қалалық сотының

кеңсе меңгерушісі                                                                        Е.Б. Алиев