Бүгін: 28.04.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазақ тілі   қазақ мәдениетін жеткізушілердің бірі. Қазақ тілі өзінің мазмұндылығымен, маңыздылығымен, құндылығымен ерекшеленеді.

«Қазақ тілі – рухани байлығымыздың қайнар бұлағы» – деп бекер айтылмаған. Қазақ  тілі  қазақ елінде, қазақ  жерінде  өркендеуі  тиіс. Тіл – қазіргі кезеңде аса көңіл аударарлық нәрсе, қазақстандық патриотизмнің қалыптасуы мен ұлттық және жеке тұлғалық дамудың қалыптасуына тікелей бағыт – бағдар беретін құбылыс болып табылады.

Тілге деген құрмет – ұлтқа деген құрмет. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болуы үшін тіліміздің  жұлдызын биіктетуге міндеттіміз.

«Ұлт боламын десең – бесігіңді түзе» – дегенде Мұхтар Әуезов әуелі  тілді тиек еткендей, баланың тіл мәдениетін қалыптастыруда өзі тәрбиеленіп отырған отбасының алатын орны ерекше екенін атап көрсеткен жөн болар. Баланың  бал тамған  тілінен  жоғары  мәдениетті  тілін  және ұлтына деген махаббатын  қалыптастыруда  отбасындағы  ата – ананың орны ерекше болады. Әр отбасы тәрбиелеп отырған бала тіліне  кереғар, самарқау қарамай, үлкен  мән беріп, өздеріне үлкен жауапкершілік артса, еліміз мәңгүрттенуден  аман  қалады. Отбасында,  жалпы  балаларымен  қазақ  тілінде  және  ата – аналар өзарар  қазақ  тілінде  сөйлессе, сол отбасында тәрбиеленіп  отырған  баланың  қазақ тіліне  деген сүйіспеншілігі артар  еді.  Сол сияқты  ана тілінде  жақсы сөйлеп,  өз ойын  жүйелі  жеткізетін адам өз ұлты үшін жанын берер еді.  Сондықтан  да  біздің  алдымызда  тұрған  үлкен мақсат, бұл – келешек бүлдіршіндерді қазақ тілін сүюге және сол тілді жетік  меңгеруге  үйрету  және  қазақ  тілінің  көркемдік  ерекшеліктерін  түсіну,  қарым – қатынас  арасында тіл көркемдігін, тіл  мазмұндылығын,  тіл тазалығын жүйелеу  болып  табылады.

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі, яғни, қазақ  баласына ананың  сүтімен сіңген тіл.

Отбасы – ұлттың  тірегі болса, тіл – ұлттың жаны болып табылады. Тіл халықпен  бірге өмір сүріп, дамиды. Себебі, әр ұлттың тілі – оның бақыты, тірегі болып табылады. Ана тілінде таза, шұбарламай сөйлеу, тілге деген оң көзқарас  мәдениеттілік,  тәрбиелілік  болып  табылады. Ана тіліңді  қадірлеу – мемлекетіңді, ұлтыңды, өзіңді қадірлеу.

Саран  қаласының  ПБ

Ж.Джумашева