Саран қалалық мәслихаты төрағасының өкімі Саран қаласы № 33-н 2023 ж. 20 қараша Қалалық мәслихаттың кезектен тыс VIII сессиясын шақыру туралы
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс VIII сессиясы 2023 жылғы 23 қараша сағат 9.30 шақырылсын.
Ө. Баймағанбетов,
Саран қалалық мәслихатының төрағасы
Хабарлама
Қалалық мәслихаттың 2023 жылғы 23 қарашадағы VIII кезектен тыс сессиясының қарауына келесі мәселелер шығарылады:
- Саран қалалық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы 17 сессиясының № 186 «2023 - 2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Саран қалалық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы 17 сессиясының № 187 «2023-2025 жылдарға арналған Ақтас кентінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Әлеуметтік көмек көрсету қагидаларынбекіту, оның мөлшерін белгілеу және Саран қаласы және Актас кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы.
- Саран қалалық мәслихатының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 440 «Саран қаласы мен Актас кентінде күндізгі бөлімде оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруінде жеңілдік туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы.
5.Басқа да мәселелер.
Ө. Баймағанбетов,
Саран қалалық мәслихатының төрағасы