Бүгін: 28.04.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция ережесіне сәйкес жыл сайын 25 қарашадан бастап 10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» Халықаралық акциясы атап өтіледі.

Тарихы:

1960 жылдың 25 қарашасында в Доминикана Республикасында үш апалы-сіңілі Мирабаль жауыздықпен өлтірілген (Патрия, Минерва и Мария-Тереза – саяси белсенділер, Трухильо диктатурасына қарсы күрескен). Олар Латын Америкасында құқық қорғау қозғалысының символы болды, осы қатыгез өлім әйелдерге қатысты гендерлік зорлық-зомбылықтың барлық түрлеріне қарсы пікірталастар туғызды.

Дәл осы 25 қарашаны Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні - деп Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1999 жылы ресми жариялады.
1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТСпен күрес күні.
10 желтоқсан – Халықаралық адам құқығы күні. 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ мүшелері-мемлекеттерінің басшылары адамның «өмір сүру, бостандық және ешкімнің жекебасына қолсұқпаушылық» құқықтарын мойындап, Адам құқықтарының жалпы Декларациясына қол қойды.

Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық пен адам құқықтарын бұзу арасындағы символикалық байланыс осы күндермен атап көрсетілген.
Осы күннен бастап, әлемнің түрлі елдерінде әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық мәселесіне көңіл бөлуге бағытталған 16 белсенді күндер басталады.