Бүгін: 27.04.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

2023 жылғы 14 қарашада «АДАЛ БОЛ LIKE» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында ағарту күні ұйымдастырылды.  Спикер ретінде семинарға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаменті жанындағы ақпараттық - ағарту пулының спикері - Бейбіт Қайыржанұлы Жұмабеков шақырылды.

Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, жастар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.