Бүгін: 03.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Тіл – адамзаттың, қоғамның  дамуының  көрсеткіші, адамдық  қарым –  қатынастың  негізгі   құралы.  Адамдар, топтар  мен  олардың  бірлестіктері  арасындағы  өзара  әрекеттің сапалы  негізі,  олардың  жүріс – тұрысын реттеу, қоғам  мен саясаттың жүргізілуін  басқару  құралы. 

Тіл – ұлттың негізгі қасиеттерінің бірі. Шынында, тіл халықтың тарихы, шежіресі, ұлттық өмірінің жаңғырығы мен ізі. Қазақтың ұлы ақыны Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің  қауіптісі – тіл » –деп, тілдің ұлт үшін қандай маңызды екенін бір ауыз сөзге сыйдырғаны айдай анық.

Тіл   тірі  организм сияқты дамуды талап етеді, яғни тілді дамыту үшін қолайлы  жағдай  болу  керек. Осы  орайда  мемлекет  тарапынан  қазақ тілі мен  Қазақстанда  тұратын басқа да ұлттардың тілін дамытуға барлық жағдайлар жасалып отырғаны белгілі. Әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі.

Елімізде   мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Мемлекеттік тілдің мәртебесі мен құндылығы үстем екені сөзсіз. Бірақ, мемлекеттік  тілдің  қазіргі  кезде қолданылуы   жоғары   дәрежеде  деп  айту да қиын. Негізгі  себептердің бірі – басқа  ұлт  өкілдерінен   бөлек, кейбір  қандастарымыздың өздері,  өзара отбасында, тұрмыста,  жұмыста,  өмірдің  барлық салаларында қазақ тілін қолданбаулары. Мемлекеттік тілді дамыту үшін сол тілдің қолдану аясын кеңейту өте қажет. Әр  азамат  өз   мүмкіндігі   шегінде,  мемлекеттік тілдің дамуына  үлес  қосып, келер  ұрпаққа  жеткізу  біздің тікелей міндетіміз  екенін түсінгендері жөн.   Өз тілімізді өзіміз толық меңгеріп жатсақ, басқа ұлт өкілдерінің  де   талпынысы, қызығушылықтары   артатыны   сөзсіз.  Әрине, бұл  басқа  тілдерді   үйренбеу   немесе  қолданбау  деген сөз емес. Егер адам өзге тілді қаншалықты білетін болса, ол соншалықты рухани бай екендігін білдіреді. Өзге тілді үйреніп, сөйлеуге   барлық   мүмкіндік   бар.

Жалпы, бір шаңырақ   астында   тіршілік   кешіп   жатқан  басқа ұлт өкілдерімен  мемлекеттік   тілді меңгеруге күш салып, оны жоғары деңгейде дамыту өз қолымызда. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте» деп ақын Қадыр Мырза Әлі айтқандай, өзге тілді үйреніп, ана тілімізді ұлықтау, оған құрмет көрсету, оны кеңінен насихаттау – әрқайсымыздың борышымыз.

Ж.Джумашева,

Саран  қаласының

полиция бөлімі