Бүгін: 03.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Сіздерді мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «1991 жылғы 16 желтоқсан – төл тарихымыздағы мерейлі белес. Бұл – егемен ел болуды аңсаған ата-баба арманы ақиқатқа айналған ұлы күн. Тәуелсіздік күнінің айрықша мән-мағынасы бар. Азаттық үшін арпалысқан ұлт перзенттерін ел жадында мәңгі сақтау – қасиетті парызымыз. Олардың отаншылдық қасиеті – бүгінгі және болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге».

Дәстүр мен мәдениетті ұқыпты сақтай отырып, өткен ұрпақтың қол жеткізген жетістіктері мен табыстарын арттыра отырып, қаламыздың тұрғындары күнделікті еңбектерімен елдің жалпы табысына елеулі үлес қосуда.

Құрметті жерлестер! Сіздерге және жақындарыңызға бейбітшілік, жақсылық, бақыт, зор денсаулық пен амандық, еңбекте табыс және тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін!