Бүгін: 02.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

5 қарашада Ақтас кентінің №16 жалпы білім беретін мектебінде «Бір шаңырақ астында» атты этнофестивалі өтті.Қазақстанда 130 дан астам ұлттық өкілдері тату-тәтті,бірлікте,бейбітшілікте,тыныштықта өмір сүріп жатыр.Фестивальға ұстаздар ,оқушылар және Ақтас кентінің мәдени- сауық орталығының мүшелері қатысты.

Атап айтқанда «Ақ шаңырақ» қазақ халқының әдет-ғұрып,салт-дәстүрін қайта дамыту бірлестігінің жетекшісі Супьянова С.Ж, «Ақ әже»вокал тобының мүшесі Сейтқазина Р.О , «Якташлар» татар-башқұрт орталығының мүшелері Рахимова Рашида Халимовна, сигбатуллина Равиля Зиянгировна «актасские зори» ардагерлер хорының мүшелері Бугай Мария Петровна, Жданова Мария Льеонтевна этнофестивальге қонақ ретінде шақырылды.Фестивальді мектеп директоры Ускенбаева Шынар Садуақасқызы  этнофестивальға қатысушыларға ақ тілегін білдіріп және құттықтау сөзімен ашты.Этномәдени бірлестіктің мүшелері орыс,қазақ, татар тілінде құттықтау сөздер айтып, Абай атамыздың «Көзімнің қарасы» өлеңінен музыкалық сәлем жолдады.Оқушылар фестивальді әр-түрлі ұлт өкілдерінің биімен жалғастырды.Этнофестивальға қатысушылар еоекше сезімде болып, өнерпаздардың өнерлеріне зор қошемет көрсетіп отырды. Этнофестивальді музыка пәнінің ұстазы Есен Ахатұлы «Қазақстан әнімен аяқтады». Фестиваль соңы достар дастарханына ұласып көтеріңкі көңілмен, сондай бір тамаша әсермен тарадық.

№16 жалпы білім беретін мектебінде мектеп директоры Шынар Садуақасқызы Ускенбаева мен мектеп директорының  тәрбие жұмысының орынбасары Болатқызы Бейсенбаеваның ұйымдастыруымен кыркүйек айында «Бауырсақ Parti» фестивалі өтті.Шараға «Ақ шаңырақ» қазақ халқының әдет-ғұрып,салт-дәстүрін қайта жандандыру бірлестігінің «Ақ әже»,аталар вокал тобын ашылу салтанатына қонаққа шақырып әжелеріміз қазақтың әдемі дәстүрі «Шашу» шашып, «Әжелердің сәлемі» әнін жолдады. Осындай іс-шаралар әрбір мерекеде ,белгілі бір күндерде өтіп тұрса нұр үстіне нұр болар еді.Жастарымызды, жас жеткіншектерді Отанды сүюге,елін, жерін тарихын құрметтеп, дәстүрлерін   жалғастыруға жетелейді.

Р. Сейтқазина,

Саран қаласы,Ақтас кентінің  құрметті азаматы, «Ақ шаңырақ» ЭМБ-нің «Ақ әже,аталар»  вокал тобының мүшесі