Бүгін: 27.04.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

«Ақтас кенті әкімінің аппараты» ММ (101203, Қарағанды облысы, Ақтас кенті Саран қаласы, Кржижановский көшесі, 27, анықтама үшін тел.: 8(7213)75-50-24, факс: 8 (7213)75-50-25, электрондық мекенжайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды: «Ақтас кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-сауық жұмысы) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім) және мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 3 жылдан кем емес.

Мәдениет саласындағы немесе азаматтық қызметшінің басшы лауазымдарындағы еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 159 480 теңгеден 173098 теңгеге дейін еңбек сіңірген жылдарына байланысты. 

Функционалдық міндеттері: мәдени-сауық ұйымдарының қызметтеріне басшылық етеді; шығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағартушылық жұмыстарды жүзеге асыруды, жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;  байқаулар мен фестивальдарды, халық шығармашылығы конкурстарын, көркемөнерпаз жетекшілерінің семинарларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді; көркемөнерпаз ұжымдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: бекітілген нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтініш; мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; білімі туралы құжаттардың көшірмелері; еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтардың көшірмелері; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама.

 Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады. Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы тиіс.