Бүгін: 27.04.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Егер сізге ұялы байланыс операторынан қоңырау келіп түссе және қоңырау шалушы:

"Сіз пайдаланатын Нөмірді қалдырасыз ба?", - деген сұрақ қойылса,

БІЛІҢІЗ, БҰЛ АЛАЯҚТАР!!!

Көптеген жылдар бойы бір ғана телефон нөмірді пайдаланған адамға,  әрине,

оған бұл нөмір керек және ол оны одан әрі пайдалануға ниетті деп жауап береді.

Содан кейін қоңырау шалушы сізге қажет SMS коды келетінін ескертеді.

Сіз кодты жібересіз, ал алаяқтар сіздің қатысуыңызсыз,  телефоныңыз арқылы

Сізге несие рәсімдейді.

Қажетсіз кредиттерді ресімдеу жағдайларын жою мақсатында, Саран қаласының полиция  бөлімі

egov мобильді қосымшасы арқылы немесе жеке тұлға

ХҚКО-ға барып, ресімдеуге тыйым салу қызметін пайдалануды ұсынады.

Бұл тыйым 6 ай мерзімге белгіленеді, содан кейін

бұл тыйымды қайтадан жасауға мүмкіндік бар.

Сіздің жағдайыңыз, өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз!

Саран қаласының полиция бөлімі