Бүгін: 27.04.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

«Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен тұрғын үй көмегін көрсетудің жаңа қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілді.

Қағидалардың 2-тарауының 6-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы өтініш берер алдында өткен тоқсанға тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасының табысы туралы растайтын құжаттарды және коммуналдық шығындарға үшін шоттарды ұсынады. Демек, тұрғын үй көмегін тағайындау өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда жүзеге асырылады. Осылайша, қаңтар, ақпан және наурыз айларында тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы сәуір айында жүгінуі қажет.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғын үй ретінде меншік құқығында тұрған тұрғын үйде тұрақты тіркелген және тұратын көрсетілетін қызметті алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) жергілікті бюджет қаражаты есебінен ақы төлеуге беріледі:

кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған шығындар;

телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтыну;

мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін шығындар.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.