Бүгін: 21.06.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

5 ақпан күні №2 жалпы білім беретін мектепте Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай және «ДосболLIKE: достық қолын ұсын» республикалық акциясы аясында жауынгер-интернационалист Кобыльский Иван Александровичке арнап жауынгерлік парақ шығарылды.

«Вся жизнь идёт как по приказу» атты жауынгерлік парақтан Иван Александровичтың өмірлік жолын, тарихтан сыр шертетін естелік суреттерін көруге болады.  Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Илья Карповтың айтуы бойынша, Кобыльский Иван Александрович – 1979-1983 жылдары Ауғанстанда офицер шенімен қызмет еткен. «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған.  

-Жауынгерлік парақта жауынгер-интернационалистің әскердегі, Ауғанстандағы қызметтін, әскери комиссариаттағы жұмысын және кең қоғамдық қызметін көрсететін фотосуреттер бар,- деп өз сөзінде атап өтті Илья Карпов.

Сондай-ақ, «Жас Сарбаз» сыныбының оқушысы Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай жаңартылған мұражай экспозициясына шолу жасап, ондағы мағлұматтармен таныстыра кетті. 

№2 жалпы білім беретін мектебі ылғи өзінің белсенділігімен көзге ерек түсіп жүрген білім ордалардың бірі. Әрдайым оқушылардың зейінін арттыруға бағытталған тағылымды іс-шаралардың басы-қасында жүреді. Жаза кететін жайт, 17 қаңтардан бастап «ДосболLIKE: достық қолын ұсын» республикалық акциясы аясында орта буын оқушылары арасында шаңғы жарысы, «Балалар академиясының» екінші отырысы, «Жас Сарбаз» сынып оқушылары арасында Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіровті еске алуға арналған оқ атудан турнир, «Балалар ғылым академиясының» отырысы, «Достықты өлеңмен айтайық» атты көркем сөз сайысы, мектептің мәжіліс залында «Балалар достықты салады» атты сурет көрмесі, білім орданың кітапханасында «Достық туралы көп кітаптар жазылған» атты оқу конференциясы,  жоғары сынып оқушылары үшін «Достық пен мейірімділік» сабағы, «Достық пен келісімнің шуағы» атты тренингі және «Ұрпақтар достығы» атты қалалық ардагерлер кеңесінің кеңсесінде іс-шара ұйымдастырылды. Одан бөлек, КСРО Суретшілер Одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері Ворохобин Владимир Кузьмичтің «Тірі болғанша, мен бұл жерді жазуды, сұлулықтың кез-келген көрінісіне таңдануды ешқашан тоқтатпаймын» атты көрмесі өткізілді.

Аталмыш білім ордасында тәрбие мен танымды ұштастыра білген «ДосболLIKE: достық қолын ұсын» республикалық акциясы әлі де 17 ақпанға дейін жалғасатын болады.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА