Бүгін: 27.04.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

Былтырғы жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі – Департамент) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты қызмет алушылардан 60-тан астам өтініш келіп түскен.

Олардың басым көпшілігі жер қатынастары, тұрғын үй және әлеуметтік салаларға қатысты түскен болатын.

Кез келген шағымды Департамент қызметкерлері толық зерделеп, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін заңмен көзделген бақылау шараларын жүргізеді.

Мысалға, Департаментке «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ-мен «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша қабылдаған шешімімен келіспеу жөнінде қызмет алушының өтініші түсті.

Атап айтқанда,  қызмет алушыға қатысты қайта куәландыру жүргізудің нәтижесінде сараптамалық шешіммен оған «жалпы ауру» себебінен екінші топ мүгедектігі, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі 1 жыл мерзімге белгіленген.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен халықтың әлеуметтік осал топтарының  құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырмалар берген болатын.

Бұл орайда, Департаменттің тікелей араласуымен шағымдану бойынша тексеру жүргізу барысында Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі мамандарының және шақырылған сарапшылардың пікірлерін ескере отырып, қызмет алушыға мүгедектіктің мерзімін «қайта куәландыру мерзімінсіз» белгілеу туралы шешім қабылданды.

Яғни, қызмет алушының құқығының қалпына келтірілуі қамтамасыз етілді.

Егер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңнама талаптарының сақталмағанына куә болсаңыз, яғни мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылса, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылса, артық құжаттар талап ету фактісі болса немесе қызмет көрсету талабы бұзылса, Сіз құқығыңызды Департаментке шағымдану арқылы  қорғай аласыз. Біздің мекенжайымыз: Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39. Байланыс нөмерлері: 8 (7212) 50-40-66, 8 (7212) 50-33-83 кеңсе нөмірі.           

С. Амангельдинова,

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Қарағанды облысы

бойынша Департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер  басқармасының бас маманы