Бүгін: 28.04.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

2024 жылдың 21-ақпанында Шраева Гульсим Канатжановнаның "Киберәлеуметтену жағдайындағы киберпедагог" тақырыбында қалалық педагогикалық шеберханасының бірінші отырысы өтті. Педагогикалық шеберхананың мақсаты: киберәлеуметтену жағдайындағы заманауи білім беруде киберпедагогика процесін зерттеу. Шраева Г.К., Утешова С.М., Python бағдарламалау тілінің кітапханасымен таныстырды.

Шеберхана қатысушылары Python объектілі-бағдарланған тілінде практикалық тапсырмалар орындады. Бахитов С.Х., Сулейменов Ш.Н. Mentimeter  интерактивті платформасында кері байланыс ұйымдастырды. Қатысушылар шеберхананың ұйымдастыру деңгейінің жоғары екенін, сонымен бірге топта тез, креативті, үйлесімді жұмыс жасау біліктілігін, шеберхананың практикалық маңызын айтып өтті. Қатысушылар өз ризашылықтарын білдірді.