Бүгін: 28.04.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Саран қаласында бірінші рет «Экосарбаз» пилоттық жобасы іске асырылмақ. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сағынбек Бейскеев  мәлімдеді.

19 ақпан күні қалалық мәдениет үйінің конференц-залында Саран қаласы әкімінің орынбасы Сағынбек Бейскеев, Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ұлан Әдепбеков,  «Қарағанды облысының Азаматтық Альянсы» Қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігінің президенті Дмитрий Полторенко, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Қарағанды облысының қоғамдық бірлестігінің төрағасы Майра Абдрахманова,  «Әділдік жолы»  РҚБ басшысы  Рустам Танишпеков, азаматтық сектордың өкілдері, қалалық мәслихаттың депутаттары, еңбек ардагерлері мен еріктілердің қатысуымен «Мемлекеттік органдар мен азаматтық сектордың өзара іс-қимылы» тақырында дөңгелек үстел өтті.

Шара ең алдымен Саран қаласының 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Саран:Кеше.Бүгін.Ертең» атты көрменің аралауынан, «Алғысым шексіз саған, Қазақ елі» атты кітап көрмесі мен қылқалам шеберлерінің туындыларын тамашалаудан бастау алды.

Дөңгелек үстел барысында Саран қаласы әкімінің орынбасы Сағынбек Бейскеев кездесудің мән-мақсатына тоқтала отырып, бүгінде Саран қаласында 32 үкіметтік емес ұйым тіркелгендігін атап өтті. Сондай-ақ, биыл «Экосарбаз» пилоттық жобасы іске асырылатынын жеткізді. Бұл жоба қала аулаларын көгалдандыруға бағытталған. Осы ортада еңбекті дәріптеп,  қарыштап дамуды алға тартқан «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Қарағанды облысының қоғамдық бірлестігінің төрағасы Майра Абдрахманова  кездесуде мемлекет пен қоғам арасында алтын көпір болып табылатын үкіметтік емес ұйымдардың маңыздылығына назар аударды.

Қаланың тыныс-тіршілігіне белсене араласып жүрген Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмабике Токушева болса «Ардағым-ардагерім» акциясы аясында іс-шаралардың өткендігін, жастармен де тығыз жұмыс істеп, қоғамда орын алып жатқан  жайттарға бей-жай қарамайтындықтарын жеткізді.

Кездесу сұрақ-жауап форматында өткендіктен қатысушылар емін-еркін өзінің көкейінде жүрген, көптен толғандырған сауалдарын қойды. Мәселен,   қалалық жастар орталығының заңгері  Нұрбақыт Сансызбаевты бүгінгі блогерлердің ақпаратты ұсыну жолдары қызықтырды.  Яғни, істің байыбына бармай мәліметті жариялау сынды мәселелері талқыға салынды. Осыған орай «Әділдік жолы»  РҚБ басшысы Рустам Танишпеков блогерлер мәселені  көтергенімен, оны шешпейтіндігіне тоқтала өтіп, егерде қандай да бір көмек керек болса, оны  саралап, ашып қарауға әзір екендігін айтты.

Сонымен қатар, қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Дәурен Бейсенұлы «Жас ұлан» ұйымы жайлы аз-кем тоқталып, қаламызда қазақ және орыс тілдерінде білім беретін аралас мектептердің саны көбейіп жатқандығын және білім беру ұйымдарының атауын ауыстыру жоспарда барын тілге тиек етіп кетті.

 

 

 

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА