Бүгін: 28.04.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және тамақтан уланудың, жіті ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында қоғамдық тамақтандыру (мейрамханалар, тойхана, кафелер) қызметтерін көрсету саласында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің, базарлар, сауда үйлері (орталықтары), супермаркеттер, дүкендер және т.б. назарына қайта өңдеуге (өңдеуге), тамақ өнімдерін қабылдау, сақтау және сатуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау туралы жеткіземіз, атап айтқанда:

 - ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда объектіні жарамды су бұрумен, суық және ыстық сумен қамтамасыз ету;

- тамақ өнімдерінің сақталуын, сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, бақылау-өлшеу аспаптары бар тоңазытқыш жабдықтардың жеткілікті санының болуына, температуралық режимнің ерекше жағдайларын талап ететін тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтауға және өткізуге ерекше назар аудара отырып, тамақ өнімдерін сақтау мерзімдері мен шарттарын сақтау;

- шикі тамақ өнімдері мен жартылай дайын тамақтарды пайдалануға дайын тамақ өнімдерімен бөлек тасымалдауды, сақтауды, өлшеп орауды қамтамасыз ете отырып, «тауарлық көршілік» қағидатын сақтауға;

- үйде (өнеркәсіптік емес) консервілеу өнімдерін (маринадталған саңырауқұлақтар, маринадталған қияр, қызанақ және т.б.), сондай-ақ герметикасы бұзылған, қампаюы бар, тот басқан, деформациясы бар консервілерді сатып алмау және пайдалануға жол бермеу;

- суық тағамдарды дайындауға арналған цехтарда (үй-жайларда, бөлімшелерде, учаскелерде) өндірістік үстелдердің үстіне бактерицидтік сәулелендіргіштер (стационарлық немесе жылжымалы) орнату;

- сатылмаған дайын тағамдарды, тез бұзылатын аспаздық өнімдерді кейіннен басқа күндері сату үшін мұздатып қоймау;

- дайын тағамдарды алдыңғы күннің қалдықтарымен араластырмау;

- азық-түлік (тамақ) шикізатының, тамақ өнімдерінің әрбір партиясы олардың қадағалануын қамтамасыз ететін тауарға ілеспе құжаттармен, сондай-ақ қауіпсіздікті растайтын құжаттармен тіркеп жіберіледі;

- тамақтану объектісінің персоналын таза арнайы киіммен, қолды жеке қорғау құралдарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету. Персонал медициналық тексеруден, гигиеналық оқытудан өткеннен кейін жұмысқа жіберіледі. Тамақтану объектісінің қызметкерлері жеке және өндірістік гигиенаны сақтайды;

- ағымдағы, жалпы тазалау, «санитарлық күн», жуу, дезинфекциялау, үй-жайларды дезинсекциялау және дератизациялау, технологиялық, тоңазытқыш, сауда жабдықтарын, құрал-жабдықтарды, ыдыстарды тазалау, жуу және дезинфекциялау тәсілдерін, кезеңділігін сақтау.

«Саран қаласының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары

және кәсіпкерлік бөлімі» ММ