Бүгін: 28.04.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі – Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!

Бұл мереке - елдегі бейбітшілік пен келісім саясатының символы. Бұл – ел бірлігін бекемдеумен қатар, тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды арттыратын, бір-бірімізге деген ризашылығымызды білдіретін күн.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей: «Біз еліміздің ауызбіршілігін сақтай білсек, кез келген қиындықты еңсереміз. Әділетті Қазақстанды құрып, елімізді одан әрі өркендете береміз деп сенемін».

Саран қаласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Бәріміз бірге қажырлы еңбек ету арқылы болашақ жетістіктеріміздің іргетасын нығайтып, 70 жылдық тарихы бар қаламыздың гүлденуіне өз үлесімізді қосып келеміз.

Дәрігерлерге, мұғалімдерге, коммуналдық қызметкерлерге, құтқарушыларға, тәртіп сақшыларына, еріктілерге – барша қала тұрғындарына белсенді азаматтық ұстанымдары мен Отанға деген сүйіспеншіліктері үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

 Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт пен бейбіт ғұмыр тілейміз.