Бүгін: 02.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын көңілден құттықтаймыз!

Көктемнің шуақты сәті аналарымыз бен аруларымыздың мейрамынан бастау алады. Ізгі ниет пен сұлулыққа, сырбаз сезім мен сыйластыққа толы осы күн жан-дүниені жадыратып, жүректерге жылу береді. Сіздердің арқаларыңызда біз жан-жақты қолдауды, әке болудың қуанышын сезінеміз. Адами  қарым-қатынастың құндылығын толық түсініп, туған жерге деген сүйіспеншілігімізді қасиетті түрде сақтаймыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Бүгінде әйелдер қауымының отбасындағы, қоғам өміріндегі және мемлекетті жан-жақты дамыту ісіндегі рөлі орасан зор».    

«Әйел – бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген жақсы сөз бар.

Бүгінде қоғамның барлық салаларында қажырлы еңбек етіп, мәдениет пен өнердің, ғылым мен білімнің асқаралы шыңына көтерілген, елдің дамуы мен өркендеу жолында жігері мен қайратын аямаған нәзік жандыларымыз аз емес. Бала тәрбиелеуде ғана емес, білім мен саясатты, экономикалық және әлеуметтік ахуалдарды жақсартуда ер азаматтармен бірге иық тірестіре еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер бүкіл халқымыздың мақтанышы.

Қай салада болмасын әйел затының аялы алақаны сезіледі. Ондай қыз-келіншектер біздің қаламызда да қажырлы еңбек етіп келеді.

Көктемнің шұғылалы мерекесінде дендеріңізге саулық, босағаларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз. Әр күндеріңіз бақытқа, махаббатқа, қамқорлық пен қуанышқа толы болсын. Мереке құтты болсын!