Бүгін: 21.06.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазақстан халқы Ассамблеясы-Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган, оның міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ету болып табылады.

Ассамблея бүгінде оның төрағасы – ел Президенті- Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму паспортын ұсынды. Осыған байланысты этносаралық саладағы мемлекеттік саясат жүйесінде Ассамблеяны, оның институттарын мынадай түйінді бағыттар бойынша институционалдық және инфрақұрылымдық нығайту жалғасатының айқындап берді. Ассамблея атқаратын ісінің нәтижесі: қазақстандық патриотизм, азаматтық тең құқықтық, мемлекеттік тілдің біріктіруші рөлі, «бірлігіміз - әралуандықта» идеясы, ұлттың ұдайы жаңғыруы, сондай-ақ интермәдениеттілік саясаты қағидаттары негізінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысуын қамтамасыз ету болып табылатының баса ескертті.  Сөз кезегінде  Президент XXI ғасырдың жаңа сын-қатерлерін жік-жігімен ашығынан талдады:

- әлемдік экономиканың құбылмалылығын, геосаяси текетірестің өршуін, қазіргі заманғы халықаралық қақтығыстардың туындауына этнодіни фактор ықпалының өсуін, көші-қон легінің күшеюін және босқындар санының өсуін атап айтып кетті. Осы орайда Қазақстанда тұратын этностардың тарихи шығу елдеріндегі, оның ішінде әзербайжан-армян және қырғыз-тәжік шекараларындағы оқиғаларға байланысты жекелеген қақтығысты жағдайлар, сондай-ақ Ресей-Украина қарым-қатынасының нашарлау факторы, жекелеген шетелдік саясаткерлердің арандатушылық мәлімдемелері Қазақстандағы этносаралық қатынастарға келеңсіз әсерін тигізу мүмкіндігін ескертті. Мемлекет басшысы сөз барысында Ассамблея Қазақстанда халық мәдениеттерінің, тілдерінің, дәстүрлерінің әралуандылығын мойындай отырып, интеграцияланған азаматтық қауымды одан әрі нығайтуға, қоғамды еліміздің даму басымдықтары төңірегіне шоғырландыру мен біріктіруге жәрдемдесетініне кепілдік берді. Президент – Ассамблея бұдан әрі де азаматтық бірегейлікті қалыптастыру мен қоғамдық келісімнің конституциялық қағидатын іске асырудың түйінді тетігі, мемлекет пен азаматтық қоғамның диалог алаңы деп сенім білдірді. Ассамблеяның этномәдени бірлестіктері этностардың біртұтас қазақстандық қоғамға әлеуметтік-мәдени интеграциялануына жауапты болатын ескере отырып: медиация, волонтерлік, қайырымдылық және қоғамдық бақылау саласындағы қызметін интеграциялау тетіктері ретінде дамыту; мемлекеттік тілді этносаралық қатынас тілі және топтастырушы негіз ретінде ілгерілету, қазақстандық этностар тілдерінің дамуына жәрдемдесу;  Қазақстан халқының ортақ тарихи-мәдени мұрасын қолдау, сақтау және танымал ету; Қазақстанның көпэтносты халқының қалыптасу тарихы және елдің тәуелсіздігін нығайтудағы этностардың рөлі туралы білімді тарату; азаматтық қоғам мен жастар ұйымдарын дамыту; этностық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына жәрдемдесу бағыттарын жолдады.

Н. Кернебаева,

Саран Мәдениет үйі

«Жас отау» ЭМҚБ жетекшісі