Бүгін: 10.12.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Саран қаласында Наурыз мерекесіне орай «Бір ел, бір халық, бір тағдыр» атты челлендж бастау алды.

Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп игі бастаманы қолға алып отыр. Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында бірінші рет «Бір ел, бір халық, бір тағдыр» тақырыбындағы челленджді бастап берді.  Оның басты мақсаты - барлық халықты, ұлт өкілдерін ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа, бірлікке шақыру, ұлттар арасындағы достық қарым-қатынасты арттыра отырып, құрметпен қарау.

- Мектебімізде әр ұлт өкілдерінің балалары білім алуда. Білім алушыларды  ұйымшылдыққа, достыққа, бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында осындай челленджді жасадық. Оны қаламыздың барлық білім беру ұйымдарына жолдаймыз, - деп атап өтті Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары  Гүлден Серикова.

«Instagram» әлеуметтік желісінде кең таралған челлендж бір күн ішінде көптің көзіне  түсіп, көңілінен шығуға үлгерген.

Сондай-ақ, білім орданың қабырғасында «Аталар мектебі», «Әжелер мектебі», «Әкелер мектебі», «Аналар мектебі»  атты республикалық жобалар аясында Көрісу күніне орай іс-шаралар ұйымдастыру жоспарда бар. Одан бөлек, «Бауырсақ party», ер балар арасында бата беруден сайыс өткізілмек.

Дина  ӘБДІҒАЛИЕВА