Бүгін: 21.06.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады.

А.Құнанбайұлы

Ұстаз - біз мектеп табалдырығын аттағаннан бастап бізді қолдап, әрқашан демеп, өміріміздің келесі кезеңінің жол көрсетушісі рөлін атқарады. Қолымызға алғаш қалам ұстатып, кітап оқуды сонымен қатар қоғамдық орта этикетін, өз-өзімізді халық арасында ұстауды да үйретеді. 11 жыл ішінде екінші анамызға айналып, жүрегімізден орын табады.

Ұлы ақындар мен жазушыларымыз ұстаздар туралы қаншама мағыналы сөздер қалдырған. Ұстаздық жолдың ұлы екенін көрсете білген.

Дәл осындай ұлағатты ұстаз, өз саласында аянбай еңбек сіңіріп жүрген, балаларды білім нәрімен сусындатып, әр баланың жүрегіне жол таба білген керемет ұстазымыз бастауыш мұғалімі - Игенова Алнази Ерденовна. 

«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» демекші Алнази Ерденовадан қаншама балалар білім алып ыстық ұядан ұшты. Алнази Ерденовна  байсалды, мейірімді, өте білімді, терең ойлы, жан – жақты. Қаншама шебер сабақтарымен үлгілі, бірнеше марапаттауларға ие болған тәжірибелі ұстаз.  Бір жымиғанының өзі адамды шабыттандырып, керемет бір күйге бөлейді. Осындай нағыз шебер ұстаз болу үшін, уақыт пен ыждағатты еңбек, балаға деген сүйіспеншілік керек. Тәжірибелі ұстаздан тәлім – тәрбие алған, оқушылар еселеп алғыстарын айтуда. Білім ордамызда осындай ұлы ұстаздың білім беріп жүргені біздер үшін үлкен мақтаныш. Алдағы уақытта ұстазымызға отбасына шаттық, жұмыста абыройлы, білімді шәкірттеріңіз көбейіп болашақта сізбен мақтанып жүре беруіне жылы лебімізді білдіргім келді.

М. Байкөжекова,

«№7 мектеп-интернаты» КММ директордың тәрбие жөніндегі орынбасары