Бүгін: 21.06.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Мемлекеттік  тіліміздің  қолдану   кеңістігі   барған  сайын   ұлғайып, қоғамдық  қарым – қатынас тіліне айналып келеді.

Қазақ тілі – елдің қазынасы. Қазақтың  тіліндей  әлемде бай тіл жоқ. Қазақтың тілі – шексіз мұхит секілді, күллі әлемді қамтыса да бояуы өңбейді, әлемдік  тілдермен  теңестіре қалса, ноқтасын   бермейтін  ұлы тіл. Екі сөзінің   бірінен   мақалы мен өсиеті қалмайды. Оның   терең   астары  мен құндылығына  қаныққан  көңіл,   марқайып  қалады. Қазақ   тілі   ұлтымыздың   мақтанышы, елдің айнасы. Ұлтымыздың асыл қасиеті мен тектілігін дәріптеп, жеткізуші де ана тілі. Біздің тіліміздің тамыры тереңде.

 Әрбір  отбасы – өз алдына бір кіші мемлекет. Әр жас тұлға тәрбиені алдымен   отбасынан  алады. «Ұяда  не  көрсең, ұшқанда соны ілесің»  –  деген  ұлағатты  ой  саптау да, тәрбиенің  ықпалының   құнын  байыптап береді.  Жас  бөбектер  кеудесін тіктемей жатып, туған тілімен сусындаса, сол  тілдің  арқасында  елдің тарихын, шежіресін   түсініп, ұлттық құндылықтарды  көңіліне  тоқып  өседі. Сондай ортада  есейген  тұлға, өз тілінің де, өзге тілдің де бағын аша біледі. Мыңдаған  жылдық  тарихы бар асыл  мұрамызды қайта жаңарту, оның қолдану аясын кеңейту, отбасы – ошақ  қасынан  төрге шығару, ең алдымен, жоғары  және  орта  білім  беру мекемелеріндегі  қазақ тілі  және әдебиеті пәні мұғалімдерінің абыройлы борышы.

Мемлекеттік тіл – сол елдің халқын біріктіретін, ортақ істерге жұмылдыратын, елге деген перзенттік ықыласты қалыптастыратын бірден – бір құрал. Бір тілде сөйлемеген халық біріге де алмайды, өздерін бір шаңырақтың мүшесімін деп сезіне де алмайды. Ата тарихты  жетік білген әр қазақ  «Мен   қазақ   болып   туғаныма қуанамын», –  деп   мақтанышпен   жар салып жатса, шіркін! Қазақ тілі дәл сондай сезімге лайықты тіл!

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте», –  дейді Қадыр ақын. Қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. Сөйтсе де, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесінде көтеруге халқымыз бар ынта – жігерімен үлес қосса екен.

«Абай   әрлеген тіл,  Жамбыл жырлаған тіл – қазақ тілі, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі болып қала берсін» !

Ж.Джумашева

Саран қаласының ПБ