Бүгін: 18.10.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Таяуда Саран қаласының  балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебінде ұлдар және қыздар арасында жүзуден жеке біріншілік өтті.

Салауатты өмір салты мен жүзуді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған спорттық шарада 2013-2014 жылдары туған және одан да кіші ер балалар мен қыздар бақ сынаған. Бас-аяғы 42 спортшы біріншілікке қатысқан. Жарыс жолына шыққан әрбір баланың нәтижесін төрешілер қарап, бағалап отырды.

 Біріншілікте 2014 жылы туған және одан да кіші қыздар арасында 1-орынмен Л.Кононова, 2-орынмен  Нащекина Диана, 3-орынмен  Цепелева Ульяна марапатталды. Ұлдар арасында Севостьянов Виталий 1-орынды, Пастухов Егор 2-орынды,  Ямгиров Рустам 3-орынды алды.  2013 жылы туған спортшылар ішінен қыздар арасында Телегина Татьяна 1-орынға, Парфененкова Марианна 2-орынға жайғасты. Ер балаларда Власов Денис 1-орынға,  Раздобреев Адриан 2-орынға, Байрамов Григорий 3-орынға ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы грамоталар табыс етілді.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА