Бүгін: 08.09.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазіргі уақытта экстремизм мен терроризм ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер болып табылады. Экстремизм – бұл кез-келген, тіпті ең тұрақты және гүлденген қоғамды сілкіндіретін өте үлкен елімізге жаман-жат қоғамдағы тәртіпсіздік пен басқыншылық әрекетімен халықтың берекесіне нұқсан келтіретін жайт. Қоғамдық ортадағы террористік және экстремистік көріністерге қарсы күрестің негізгі бағыттарының бірі олардың алдын алу болып табылады. Қазақ жастары үшін дәстүрлі дінімізден бас тартып, басқа дінді қабылдауы, радикал ұйымдарға қосылып кетуі ұлттың өркендеу үрдісіне кері әсерін тигізетіні анық. Сондықтан жастардың рухани дүниесін зерттеу арқылы тәрбие жұмыстарын жүргізу маңыздылығы туындап отыр.

Жас өскінді жарамсыз алдамыш экстремист мүшелерінен қорғауда батырларымыз бастаған қазақ халқы Отанын, жерін, ұлтын жаудан қорғаған, елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елімізді мақтан тұтатын халықпыз деп патриоттық тәрбиеге барлық санасын аудару әрқайсымыздың міндеті мен парызы боп саналады.

Олай болса, біз жастарға осындай ұлағатты сөздерді санасына сіңіру арқылы, оның өз ата-тегін, ұлтын, халқын сыйлауға, Отанын сүюге, өз еліне деген мақтаныш сезімін оятуға бағыт беруіміз керек. Бүгінгі жастарымыздың көзсіз түрлі экстремистік ұйымның жетегінде кетуінің бірнеше факторы бар. Айта кетсек, жастардың өз тарихын, салт-дәстүрін толық білмеуі және діни сауатсыздық. Дегенмен, қандай жағдай болмасын, өзінің тілін, ділін, дінін, тарихын, мәдениеті мен салт-дәстүрін білген адам мұндай келеңсіз құбылыстарға жол бермесі рас. Дін атын жамылған, теріс пиғылдарын іске асырмақ болған экстремистер мен лаңкестерге қарсы тұру — қоғам мүшелерінің ортақ міндеті. Егер біз лаңкестердің лас әрекеттерінен тазарған әлемді көргіміз келетін болса, біздің күш-жігерімізді дәл осы мақсатта шоғырландыруға тиіспіз. Өзекті шешілетін проблема мәселесіне тоқтала кетсек. Осындай жастардың бойына қате танымдыққа жол беретін  проблеманы қарастырып мазмұнына тоқталсақ.

Шетелде білім алу мәселесі

Жасыратыны жоқ, соңғы жылдарға дейін қазақ жастары Түркия, Пәкістан, Мысыр, Сауд Арабиясы, Ливан, Ливия, Сирия, тағы басқа елдерге асып, діни білімдерін жетілдіріп келгені рас. Олардың біразы елге оралып, жемісті еңбек етіп те жүр. Алайда әр елдің өзіндік қалыптасқан салт-санасы, әдет-ғұрпы болатынын естен шығармауымыз керек. Өкінішке орай, шеттен білім алып келген дін мамандарының бойынан кейде дәстүрлік көзқарасымызбен санаспайтын жағымсыз құбылыстарды байқап қаламыз. Соның нәтижесінде қоғамда ойыңды сан-саққа жүгіртетін түрлі идеология көрініс тауып отыр. Дәлірек айтқанда, қай елде білім алса, сол елдің тұрмыс салтына сай наным-сенімдерін тықпалауға тырысады.

Интернет ресурстары

 Қазіргі таңда ғылым мен технологияның дамыған заманында баршамызға белгілі ақпарат тарату құралдарының кең тараған түрі — интернет желілері. Жастарымыздың басым бөлігі интернет желілері арқылы теріс идеологиялардың арбауына тез ілініп, қолшоқпары болып кеткендері аз емес. Ендеше, осы интернет желілері арқылы мемлекеттің тікелей қолдауымен қолға алынып отырған бағдарламалар дер кезінде қолға алынып, дәстүрлі бағыттағы ислам ғұламаларының сараптамалары арқасында көптеген жастарымызды дәстүрлі емес жат ағымдардан алшақтатып, тәрбиелеу ісі қарқынды жүріп отыр.

Ал «терроризм» ұғымының қатысты көптеген анықтамалар мен түсіндірмелер болғандықтан, жұртшылыққа ортақ анықтама беру қиынға соғады. Алайда, оның «зорлық-зомбылық», «қорқыныш пен үрей туғызушылық» және кінәсіз адамдарға кесір тигізу сынды басты белгілерін айқындап кетуге болады.  Жас ұрпаққа рухани тәрбие беріп, діни сауатын ашу үшін барлық жағдайды жасадық  деп айта аламыз. Тәрбие жүйесінде ойланып- толғанатын, толықтыратын жайттар көп. Рухани тәрбиеге тиісінше мән берілмеген. Міне, осының салдарынан рухани тұрғыдан таяз жаңа ұрпақ өсіп жетілді. Діни сауаты жоқ, рухани тәрбиеден жұрдай жастарды әлдекімдер алдап-арбау арқылы санасын роботқа айналдырып, өз мақсаттары үшін пайдалануда. Террорлық әрекетке барып жатқандар мешіт жамағатынан шыққан, діндар жандар емес. Жанкештілікке көбіне діни сауаты жоқ адамдар барады. Ислам діні – террорға, зорлық – зомбылыққа, бейбіт жандарға күш қолдануға қарсы. Сондықтан мұсылман баласы жаппай біріге күрессе, терроризм мен экстремизмнің алдын алуға болады. 

 

Н. Кернебаева,

Саран қ. мәдениет үйі «Жас отау» ЭМҚБ жетекшісі,

ақпараттық топтың мүшесі