Бүгін: 22.12.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Сіздерді медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Денсаулық — адам үшін қашанда баға жетпес байлық. Азаматтардың денсаулығына алаңдап, ауруына шипалы ем - дом жасайтын ақ халатты абзал жандарды  халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтейді.

Биыл біз орталық аурухананың 70 жылдық мерейтойын атап өтеміз.

Біздің өлкеміз өз міндетін риясыз атқаратын білікті дәрігерлермен, ілтипатты медбикелерімен және фельдшерлермен танымал.

Бүгін біз денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлестері үшін ардагерлер мен еңбек сіңірген медицина қызметкерлеріне ерекше алғыс айтамыз.

Құрметті медицина қызметкерлері, қажырлы қызметтеріңіз бақыт пен шаттық әкелсін.

Отбасыларыңыз аман, денсаулықтарыңыз мықты болсын.  Сіздерге және жақындарыңызға қуаныш пен бақ-береке тілейміз!