№7 мектеп – интернатында «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрестің 12 күні» Ұлттық ақпараттық кампаниясы өтті.
Біздің алдымызға қойған мақсатымыз - балалардың еңбегін қолданудың мәселелеріне, олардың балалар үшін жағымсыз жақтарына ата-аналардың, тәрбиеленушілер мен білім алушылардың назарын аудару, олардың құқықтық ақпарат алуын көтеру.
Осы мақсатта сынып жетекшілері «Жасөспірім мен еңбек», «Балалар түнгі қалада» тақырыптарында әңгімелер өткізді. Мектеп жанындағы лагерьдің тәрбиешілері «Бақытты балалық шақ» атты тақырыпта сайыс ұйымдастырды, балалар өз суреттерінде балалар еңбегіне қатысты мәселелер бойынша өз көзқарастарын бейнеледі. «Балалар еңбегі» атты ақпараттық стендте мазмұнды түрде рәсімделген плакаттар орналастырылған.
«12 мауысым – балалар еңбегіне қарсы күрестің дұниежүзілік күні» атты көрмеде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларында көрсетілген талаптар мен шектеулер туралы білуге байланысты балалар еңбегінің алдын-алу бойынша әдістемелік және нормативті – құқықтық құжаттар орналастырылған: неден бастау керек; балалар үшін жұмысты қайдан іздеу керек; мемлекет қандай мүмкіндіктер береді; еріктілер жобасы не береді; қанша ақша табуға болады; жұмыс берушінің беделін қалай тексеруге болады және бұзушылық жағдай болғанда кімге шағым жасауға болады.
9-10 сынып білім алушылар үшін пән мұғалімдері жазғы каникул кезінде жасөспірімдердің еңбегінің шарттары мен түрлері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша біздің көптеген жоғары сынып оқушылары жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
«Бала құқығы – адамның құқығы» атты дөңгелек үстелді тарих мұғалімдері ұйымдастырды. Жасөспірімдер бала еңбегін заңсыз пайдалану саласынан халықаралық және ұлттық заңнамаларымен танысты. Балалармен өзара әңгіме барысында мұғалім олардың өз құқықтары мен бостандығының маңыздылығын атап өте отырып, қиын жағдайға тап болған балалар мен отбасы үшін «Жедел желі» қызметін қамтамасыз ету туралы, балалар еңбегінің нашар түрлеріне түсіп қалған жағдайда көрсетілетін көмек түрлерін айтып берді.
Кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналар арасында балаларды еңбекке тарту және басқа да пайдалану түрлері мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін үйлерді аралау бойынша рейд жұмысына тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары, әлеуметтік педагог пен сынып жетекшілері қатысты.
«Балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрестің 12 күні» Ұлттық ақпараттық кампаниясын жүргізу туралы бейнеролик әлеуметтік желілерде жарияланды .
Барлық өткізілген іс -шаралар балалар мен үлкендерді құқықтық ақпараттандыру деңгейін көтеруге мүмкіндік берді.
М. Байкөжекова,
директордың тәрбие жөніндегі орынбасары