«Саран қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде 2024 жылғы 30 сәуір күні «Қарағанды облысының жастар мен балалар ұйымдарының одағы» ЖҚБ Саран қаласының мәдениет үйі базасында «Бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында плакаттар байқауын ұйымдастырып өткізді. Байқауға жалпы 14 оқушы қатыстып, жұмыстарын қорғады. Байқаудың қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
1 - орын - Акчурина Есения, Пестерева Анна, №16 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушылары;
2 - орын - Сарсенбаева Инабат, Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
3 - орын - Хамалиева Румейса, Корявко Виктория, №17 мектеп гимназиясының 9-сынып оқушылары.
Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлық табысталды.
А.Жантурина,
“Қарағанды облысының жастар және балалар ұйымдарының одағы” ЖҚБ әдіскері