Бүгін: 22.12.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

«Саран қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде 2024 жылғы 30 сәуір күні «Қарағанды облысының жастар мен балалар ұйымдарының одағы» ЖҚБ Саран қаласының мәдениет үйі базасында «Әлем сыбайлас жемқорлықсыз!» атты жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында шығарма жазу байқауын ұйымдастырып өткізді. Байқауға жалпы 13 оқушы қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды: 1 - орынды №1 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Чащина Александра, 2-орынды №1 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Югай Милена, 3-орынды №17 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Сагимбаева Томирис алды.

 

Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлық табысталды.

А.Жантурина,

“Қарағанды облысының  жастар және

балалар ұйымдарының одағы” ЖҚБ әдіскері