Облысымызда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттайтын әр-түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның біріне тоқтала кетсек, “Саран қаласының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде 2024 жылғы 5 маусым күні “Қарағанды облысының жастар мен балалар ұйымдарының одағы” ЖҚБ сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға бағытталған Саран қаласының жастары арасында "Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес!" атты эссе байқауын ұйымдастырып өткізді.
Эссе байқауында қатысушылар сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында не істеу керектін және онымен күресу жолдары туралы өз ойларын еркін білдірді. Он тоғыз қатысушы қатысқан байқауда Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистірі Қайырбекова Аида Құрманғазықызы, Саран қаласы №1 мектеп-лицейінің орыс тілі пәнінің мұғалімі Куанова Галина Кабеновна және «Саран қаласының орталық кітапхана жүйесі» КММ директорының міндетін атқарушы Тугельбаева Ботогоз Муратовна қазылық етті. Байқаудың жеңімпаздарын Саран қаласының Мәдениет үйінің жиын залында «Саран қаласының ішкі саясат бөлімі” ММ бас маманы Аскеева Айдана Армияевна марапаттады. Байқаудың қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды: 1 - орынды Коломицева Елизавета, 2 - орынды Абдухамитова Аруна, 3 - орынды Еркінқызы Талшын иеленді.
Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталып, барлық қатысушыларға қатысқаны туралы сертификаттар берілді.
А.Жантурина,
“Қарағанды облысының жастар және
балалар ұйымдарының одағы” ЖҚБ әдіскері